Шаруалар жұмысымен танысты

Oinet.kz 23-04-2023 4108

Қаламыздағы Тұран ауданында орналасқан қаламыздағы ірі шаруа қожалықтардың бірі «Агросервис-БМБ» ЖШС-нің егістік алқабында «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімі мамандары және БАҚ өкілдері болды. 

сайт 90 фото.jpg

Қазіргі уақытта, мұнай өңдеуші зауыттан тиісті жанар-жағармай көлемін алып, 310 тонна жанар-жағармай шаруалардың қажеттіліктеріне байланысты үлестірілді.

Айта кетсек , егістік алқапта көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдетілген бағамен 1 000 тн жанар жағармай қарастырылған. 

Бүгінгі таңда, жалпы егіс көлемінің 6,2 мың гектарына күздік, 13,7 мың гектарына көктемдік дақылдар егілді. 

Сонымен қатар, көктемгі дала жұмыстарын жүгізуге жалпы 1 756-ге жуық ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылатын болады.    

Егіс көлемінен ағымдағы жылы 87,1 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.

Осы ретте, көктемгі дала жұмыстарымен 100 ден аса шаруа қожалық айналысып, 2000 нан астам адам жұмыспен қамтылады.

Осы жылы шаруа қожалық егістік алқабының 1600 гектарына көктемдік дақылдар егуде.

2023 жылы қаламызда жалпы көлемі 27,0 мың гектарға егіс егу жоспарланып отыр.

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» ветеринария бөлімінің мамандары және БАҚ өкілдері болып, қаламыздағы Қаратау ауданында орналасқан «Қасқасу-С» шаруа қожалығында болды.

Жоспарға сәйкес, ондағы ауыл шаруашылығы жануарларына, жұқпалы ауруларға қарсы екпе егу шаралары жүргізілді. 

Сондай-ақ, БАҚ өкілдеріне жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен диагностикасының маңыздылығы және 2023 жылда атқарылатын ветеринариялық іс-шаралар жоспары таныстырылды.

Атап айтқанда, жануарлар мен адамдарға ортақ аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу жұмыстары және 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеу жұмыстары түсіндірілді.


Шаруаларға мемлекеттік қолдау шаралары жалғасып келеді
Өсімдіктерді қорғайтын заң
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу