«Мәдени мұрамызды сақтап, оны дәріптеуіміз қажет»

Oinet.kz 03-04-2024 75

byltyr-biyl-u-lttyk-k-u-ryltayda-ne-aytyldy_1710758462.jpg 

--Біз болашаққа сеніммен қадам басу үшін төл тарихымыздың ауқымы кең екенін толық сезініп, мәдени мұрамызды сақтап, оны дәріптеуіміз қажет. Қазақстан – Ұлы даладағы көшпенділер өркениетінің тікелей мұрагері. Жер жүзіне Алтын Орда деген атпен танылған әйгілі Жошы Ұлысы Орталық Еуразияның байтақ даласындағы ең қуатты мемлекет ретінде мойындалған. Осы ортағасырлық державаның геосаяси мұрасы бірқатар Еуразия мемлекетінің, соның ішінде Қазақ хандығының құрылуына негіз болды,--деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайда.

--Атырауда өткен ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ұлтымыздың құндылықтарын, еліміздің егемендігін нығайту орайында көптеген өзекті мәселелер сөз болды. Соның бірі –ұлттық бірегейлігіміздің қазығын нықтау. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесінің мәртебесін көтеріп, мазмұнын байыта түсу мақсатында биылдан бастап «Наурызнама» онкүндегі тұжырымдамасын енгізді. Көрісу күнінен басталатын мейрамның әр күнінің өз атауы белгіленіп, ол ұлттық салт дәстүр сипатымен дәріптелді. Сол атаулы күннің бірі –Ұлттық киім күні. Ұлттық нақышта киіну арқылы қазақты киімінен танитын болады. Бұл үрдіс соңғы кезде жақсы белең алуда және ол өте орынды бастама. Олай дейтініміз, соңғы жылдары елімізде қара киініп, тұмшаланып жүретін адамдар қатары көбейіп барады. Қазақтың дүниетанымында қара киініп жүру болмаған,--деді Президенттің бастамаларына үн қосқан Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев.

Бұл—еліктеушіліктен, әсіре діншілдіктен туған үрдіс. Біз салт дәстүрімізден ажырамауымыз керек. Радикалды неофиттар халқымыздың салтында жоқ киім үлгілері арқылы да жат діни идеалдарды қоғамға таңуға тырысыр жүр. Бұл біздің дәстүрлі ұғымдарымыз бен құндылықтарымызға жасалып жатқан ашық шабуыл екені анық. Біз бабаларымыздың сан мыңжылдық діни ілімі мен рухани бағдарына арқа сүйеуіміз керек. Еліміздің рухани дербестігін сақтап, оны нығайта түсеміз десек, түркі халықтарының көпшілігінің, соның ішінде қазақтардың дәстүрлі діні—сунниттік бағыттағы ханафи мәсһабына ден қоюымыз қажет, деп баса айтты Президент.

--Осы орайда Мемлекет басшысы Ясауи кесенесіне қатысты көне жәдігерге ерекше тоқталды. Ислам елдерінде әйгілі дін қайраткерлерінің бейіті міндетті түрде жапқышпен жабылатынын, ал Түркістандағы Ясауи қабірінде көптен бері арнайы жапқыш жоқ екенін айта келе, құзырлы мемлекеттік органға осы құнды мұраны тезірек сапалы жөндеуден өткізіп, тарихи орнына қайтаруды тапсырды.

Мұның барлығы халқымыздың рухани негізін құрметтей отырып, мемлекетіміздің зайырлы ел ретіндегі мәртебесін күшейте түсудің амалдары. Құрылтай бұл мәселеге мәністі мән бергенімен құнды,--дейді К.Төлебаев.

5.jpg


«Адал еңбекпен тапқан табыс қана берекелі болады»
Шымкент: Тұрғын үй жоспары орындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу