Шымкент: Тұрғын үй жоспары орындалды

Oinet.kz 04-04-2024 82

28.jpeg

Шымкент қаласында биылдың 3 ай қорытындысы бойынша үлескерлердің қаражатын тартуға жергілікті атқарушы органнан рұқсат алған 8 (жергілікті орган 7, Астана қаласымен - 1) компания жұмыс істеуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының сәулет, қала құрылы басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков мәлім етті.

Жалпы 2024 жылға қала аумағында 1 086 000 шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау жоспары бекітілген. Жылдың 3 ай қорытындысы бойынша тұрғын үйлер пайдалануға 135 000 ш.м. қабылданып, бекіткен жоспарлар орындалуда.

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан 2024 жылдың 3 айында жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде 66-ға жуық заңсыз құрылыс нысандары анықталып, тиісті шара қолдану үшін Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хатпен жолданған.

Мемлекет мұқтажына жер учаскелерін қайтару бойынша ҚР Жер кодексінің 84-бабы және ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Басқармасының өндірісінде нысандардың құрылысын жүргізу үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы 2041 жер учаскесіне, 237 нысан бойынша 53 қаулы қабылданған.

Осы жерде айта кетері, Президент тапсырмасына сәйкес биыл Шымкент қаласында жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы саны 1900 отбасы арендалық пәтермен қамтылатын болады. 

 Оның ішінде тұрғын үй кезек реттілігі бойынша 449 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі. Бұдан бөлек 900 пәтерге жұмыс істейтін жастар қоныстанатын болады.

 Өткен жылы қалада 1687 арендалық пәтер сатып алу құқығынсыз үлестірілген болатын. Оның ішінде 35 жасқа дейінгі жұмысшы жастар мен түрлі санаттағы кезекте тұрған азаматтар бар.

Құрылыс басқармасы тарапынан биыл 239,0 мың шаршы метрді құрайтын 2 950 пәтерлі 73 көпқабатты үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Жыл соңына дейін Тұран шағынауданында 2 үй, Бозарық елдімекенінде 38 үй, Ақжайық шағынауданында 33 үй салынады.
 Сонымен қатар жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1264 пәтер сатып алуға бюджеттен 22,7 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде жұмыс істейтін жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 364 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарланып отыр.


«Мәдени мұрамызды сақтап, оны дәріптеуіміз қажет»
Шымкентте Жүсіпбек Аймауытов колледжі ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу