Скринингтік тексеруден өту маңызды

Oinet.kz 11-04-2024 356

Screenshot_8.png

Скрининг - бұл белгілі бір жастағы сау адамдарды алдын-ала медициналық тексеруден өткізу, қауіп факторлары мен ауруларын ерте сатысында анықтау. Скринингтік тексерулер ауруды ерте сатысында немесе оған бейімділікті анықтауға, оңтайлы емдеу әдісін таңдауға және алдын-алу шараларының кешенін тағайындауға көмектеседі.

Шымкент қаласының тұрғындарына ауруларды алдын алу мақсатында скринингтік тексерулерден өту маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абдуллаев Бақытжан Жүсіпәліұлы - Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары және Қалалық онкология орталығының бас дәрігері Жақсылық Мәуленов мәлім етті.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы 2023 жылғы 19 желтоқсандағы «2024 жылы скринингтік тексеріп-қарауға жататын халық санын бекіту туралы» №341 бұйрығына сәйкес бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсететін ұйымдары ересек халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексеріп – қараулардың кезеңділігі бойынша сапалы жүргізуде және ауруларды алдын алу мақсатында скринингтік тексерулерден өту маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде өткізуде.

Сонымен қатар, аталған бұйрыққа сәйкес ШЖҚ «Қалалық онкологиялық орталық» МКК- сы және ШЖҚ «Қалалық диагностикалық орталық» МКК- сы зертханалық және диагностикалық зерттеулер бойынша мәліметтерді бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етуде.

Скрининг 8 негізгі нозологияны анықтау үшін жүргізіледі: жүрек-қантамыр аурулары (ЖҚА), глаукома, қант диабеті (ҚД), жатыр мойны обыры, сүт безі обыры, тоқ ішек обыры.

Онкопатологияны ерте анықтауға нақты тоқталсақ:  талдау жатыр мойны обыры бойынша жоспарлы қамту 40,7% (15528 әйел зерттелді) (2023ж 44,1%-16424 әйел) құрағанын көрсетеді. Қатерлі ісікке дейінгі жағдайларды анықтау-1,2% (187 жағдай) (2023ж 1,9%-239 жағдай). 3 жатыр мойны обыры анықталды, оның ішінде 1 кезеңде 2 пациент анықталды (2023 ж. оның 3-і 2, 1 сатысы анықталды).

Сүт безі обыры бойынша жоспарлы қамту 44,8% құрады (19161 әйел зерттелді) (2023ж - 42,6% 18305 әйел ). 9 сүт безі обыры анықталды, оның 9 жағдайы (66,6%) ерте кезеңде анықталды (2023 жылы оның 11-і 1стадияның 7 жағдайы анықталды). Бұл жағдайда онкопатология жағдайларының 100% -ы ерте кезеңде анықтау байқалады, 2023 жылы 63,6% - ы құраған.

Тоқ ішек ісігі бойынша скринингпен қамту 37,4% -. құрады (18411 адам тексерілді) (2023ж 17305-36,2%). Қатерлі ісікке дейінгі жағдайларды анықтау-0,2% - 33 жағдай, (2023 жылы 28 жағдай). Тоқ ішек қатерлі ісігінің 5 жағдайы анықталды, оның ішінде аурудың ерте сатысында 2 жағдай (40,0%).


Шымкент: Биыл мембағдарлама аясында қанша пәтер беріледі?
Антқа адалдық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу