Антқа адалдық

Oinet.kz 11-04-2024 357

30.jpg 

«Қазақ полициясына үлкен алғыс»: Шымкентте учаскелік инспектор ыстамбұлдыққа жоғалған ақшасы мен құжаттарын қайтарып берді. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Шетел азаматының әмиянын табу үшін түрік тілін меңгерген тәртіп сақшысына жарты сағат ғана қажет болды.

Мегаполис қонағы Унсал Йылдырым Әл-Фараби ауданының полициясына жүгінген. Ол ішінде ақша, банк карталары мен құжаттары бар әмиянынан айырылып қалғанын жеткізді. Түркиядан іссапармен келген ер адам мүлкін таксиде қалдырып қойған екен.

Аталған хабарлама бойынша жедел іс-шараға Азамат Жақсыбек кірісті. Инспектор ер азаматтан оқиға туралы егжей-тегжейлі сұрастырып, оның қозғалыс бағытын мен қажетті ақпаратты алды.

Нәтижесінде такси жүргізушісі бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды. Тасымалдаушыға орын алған жайт туралы хабарланып, мүлік иесіне қайтарылды.

– Қазақ полициясына үлкен алғыс, әмиянымды тез арада тауып берді. Көп рақмет!, - деп ризашылығын білдірді ыстамбулдық.

– Учаскелік полицейге бекітілген аумақта орын алған жайттардың барлығы оның жауапкершілігінде. Шақыртуларға ең алғаш болып ден қоятын біз болғандықтан, азаматтардың мәселелерін қысқа мерзімде шешу үшін, оларды толыққанды түсініп, жағдайларына кіру қажет. Сондықтан да бұл қызметте жан-жақты дамыған тұлға болу өте маңызды, - деп бөлісті офицер.

Атап өтсек, бұған дейін жедел уәкіл болып жұмыс атқарған Азамат учаскелік инспектор қызметінде екі айдай уақыт ғана. Осыған қарамастан, ол өз учаскесінің тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас орната үлгерген.

Сондай-ақ, шымкенттік полицейлер жол үстінде өзін нашар сезінген шымкенттік жүргізушіге көмек көрсетті

Патрульдік полиция полкінің инспекторлары көлік басқару кезінде мазасы кеткен тізгіндеушіге көмектесті. Құтқарушылар – капитан Қанат Дүйсебаев пен аға лейтенант Бауыржан Төленов.

Бәйдібек би даңғылында қызмет атқару барысында офицерлерге азаматша жүгінді. Ол жұбайының жолда ауырып қалғанын айтып, үйге жетуге көмектесулерін өтінді.

Тәртіп сақшылары бірден келісіп, тағайындалған жерге жедел жәрдем шақырды. Ер адам медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Өз кезегінде қала тұрғыны құқық қорғаушыларға орын алған жайтқа бей-жай қарамай, тез арада көмек көрсеткендері үшін шын жүректен алғысын білдірді.

-Қызметте біз әртүрлі жағдайларға тап боламыз. Бірақ әр кезде азаматтарға көмектесу біз үшін басымдық болып табылады. Бұл ерлік емес, бұл антқа адалдық, - деп атап өтті патрульдік полицейлер.


Скринингтік тексеруден өту маңызды
Есірткі—зұлым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу