Жын-шайтандар әнші жігіттің түбіне жете жаздады

Oinet.kz 23-02-2022 2028

Ұзақ жылдар өнер көрсетіп, үлкен сахналарға шығып жүрген әнші жігіт жасы 35-ке таяғанда ішімдікке салынып, бос уақытын ойын-сауықпен өткізеді. Өз өміріне қолдан қиянат жасаған ол «Жынның жетегіне қалай еріп кеткенінімді байқамай қалдым», — дейді.

Screenshot_5.jpg

«Алланың қаһарына ұшырап қалдым ба, білмеймін, сол кездерде басталды. Бармаған жерім жоқ. Психиаторларға да, балгерлерге де, емшілерге де апарды мені. Ешқандай пайда әкелмеді, маған ешкім сенбеді. Өз-өзіммен сөйлесемін, өзім жалғыз кетіп бара жатамын, бірақ жанымда тағы 10-15 адам жүреді. Алдыма біреу түседі, артыма біреу түседі. Бәрі менен кіммен сөйлесіп бара жатқанымды сұрайды, өйткені олар адамның көзіне көрінбейді», — дейді Қуандық.

Жындар жатса да, тұрса да онымен бірге жүрген. «Бастапқыда олар маған таныс адамдардың даусымен сөйлейтін», — деп сырын ақтарды Қуандық.

Қуандықтың айтуынша жындар қас қарая бастағанда белсенділік танытады екен. Түнімен көз ілмей шыққан кездері болғанын жасырмайды. Құлағына белгісіз адамдардың дауыстары оны өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген.

«Олар адамды азғындайды, қорқытады. Мені машинаның астына түсіруге бірнеше рет итермеледі. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлікке, жолға қарай итеріп жіберіп, өздері күліп тұратын. Сондай машина көп жүретін жерлерден қорқатын болдым», — дейді ол.

Осыдан кейін Қуандық намазға жығылып, бұрынғы өмір салтынан, яғни, үлкен сахнада өнер көрсетуден бас тартады. Жыннан арылуына достары себеп болыпты. Оны Қаскелеңдегі мешіт имамының алдына апарғанда төрт рет қашып кеткен.

Бұдан бұрын да Қуандық намаз оқыған, алайда тастап кеткен. Нәтижесінде бойын жын билей бастаған.Қуандықтың ішіне жын кіргенін тек жақын туыстары ғана білген екен. Ол оның сыртқы белгілері ретінде өз-өзімен сөйлесуді және құлағына естілетін дауыстарды айналасындағылардың естімеуін атап көрсетті.

«Олар өте анық сөйлейді, мысалы, біреумен сөйлесіп отырсам, ол кісінің өткені жайлы бәрін біліп отыратынмын. Кейін білдім олардың болашақты айта алмайтынын, тек өткеніңді дәл тауып айтады», — дейді Қуандық.

Исламға бет бұрып, намазға жығылған жігіт мұндай қасіретті ешкімнің басына бермесін деп тілейді.

«Осы дертке шалдықпас бұрын жындар әлеміне сенбейтін едім. Бар айтарым, олардан қорықпау керек, бұға берсең сұға береді олар. Сондықтан қарсы шығу керек, дұрыс, таза жүру керек», — дейді ол.

Аlashainasy.kz

Жапондық шашы өсетін қуыршақ
Анамның сүйектерін жинап, көздерін теріп, көміп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу