Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шайтан

Oinet.kz 08-11-2019 2559

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.jpg

Әй, жігіттер! Естеріңде болсын, шайтан...Ол бір кесек нәрсе емес, бит пен бүрге сықылды бір жеріңнен денеңе кіріп кететұғын. Өзіңнің денеңдегі арам қанның жүрегіңе барып құбылып, жүрегіңді толқытып, өзіңді бұзатын шайтан да сол...Қан бұзылса, кісі бұзылады. Шайтан деген нәрсе өзіңнің ойың. Ой иесі шайтан жүрегіңе нешетүрлі ой салады. Бәрін өзіңнің бұзылған қаныңның күші салады. Олай болса, көп ішіп, көп жеумен екі арам көбейеді. Бірі қарын кебежесінде, бір қап...бірі күллі денеңді аралайтұғын қан. Бұл екеуі бойыңда толық болып тұрғанда басқан тұрған жұмысыңның бәрі өзіңе у болғаннан басқа пайдасы жоқ. Құнанбаев марқұм айтты ғой:

Адам бір боқ көтерген боқтың қабы.

Өлсең сасық боласың боқтан тағы.

Менімен сен теңбе деп мақтанасың,

Білімсіздік белгісі ол баяғы, -дейді екен. Соңғы әулиелер адам санына кіргізбей жүрген қарындағы бір қап....екенін білді де ішпек-жемекті аз қылды. Ол екеуі азайған соң, ұйқы бөлінді, сергек болды. Сонан соң күлкі кем болды. Денеде арам қан азайды. Арам қан азайған соң жүректі барып ұйытқытып бұзатын дәнеме табылмады, күш, құт алып періште сипатта болды.

Қадыр Мырза Әли: «Əдемі қызды көргенде, ақылды қызды аяйсың»
Жастар поэзияны прозаизмге айналдырып жіберді ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу