Досым досыма опасыздық жасап жүр
09-09-2022
Менің достарым көп, алайда оның ішінде менің ең жақын құрбым Сәулет. Сәулет екеуіміздің дос болғанымызға бақандай 4 жыл толды. Мен оны, ол мені үнемі қолдап, жанынан табылып жүреміз. Бір-біріміздің үйлерімізге де жиі барып тұрамыз. Сәулет екеуіміз бір сыныпта оқимыз, екеуіміздің де сабақ үлгеріміміз айтарлықтай жақсы. Біз үнемі бірге жүреміз, бірге ойнаймыз, сабақ қараймыз. Біз бір-бірімізге ең құпия сырларымызбен де бөлісетін сырлас-құрласпыз.
Менің ойымша достық ұлы күш. Досым үшін мен бәріне де дайынмын. Өзіме тілеген жақсылықтың бәрін досыма тілеймін. Балалық шағымда осындай керемет досты кезіктіргенім үшін қатты қуанамын. Сәулеттің өмірінде бәрі жақсы болғанын, екеуіміздің мәңгілік дос болғанымызды қалаймын.
"Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын" деген жақсы сөзбен мен келісемін. Өмірде достықтың да, отбасының да, махаббаттың да орны ерекше. Сондықтан мен мұндай құндылықтарды ақша мен байлыққа айырбастай алмаймын.