1 наурыз - алғыс айту күні

Oinet.kz 01-01-2020 1275

1 наурыз елде бүкіл халықтың бірін-біріне алғыс айту күні. Бұл күн 2016 жылы ресми түрде атаулы алғыс айту күні болып белгіленді. Еске салсақ, 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Осы күннен бері елдің түкпір-түкпірінде бұл мереке кең түрде аталып өтіле бастады. 

Znalezione obrazy dla zapytania Алғыс айту күні

Бұл мереке не үшін қажет дейсіз ғой? Алғыс айту адамның адамгершілігін, ізгі ниетін білдіретін рухани байлығы деп білемін. Алғыс айта отырып халықтың ауызбіршілігін, бірлігі мен татулығын сақтауға үлкен жол ашылады. Шаңырақта алауыздықтың, бей-берекеттің болмауына ықпал етіп, өмірде бір-біріміздің барымызға шүкіршілігімізді айтып, алғысымызды білдіретін күн.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев президент болған тұста алғыс айту күні туралы былай деген болатын: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді.» Осы бір абзац бүкіл мерекенің мәні мен мазмұнын айшықтап тұрған болар. Сондықтан да бұл мерекенің ел аумағында маңызы аса көлемді болып табылады. 

Елміздің, жұртымыздың тыныштығына, қарнымыздың тоқтығына, бәріміздің бір үйдің балаларындай бір аспанның астында тату-тәтті өмір сүріп келе жатқанымызға алғысым шексіз!


Мұхтар Әуезов өмір жолы
Мұхтар Шаханов туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу