Абылай хан туралы шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 11531

Абылай хан туралы тарихта деректер өте көп. Абылай хан біздің есімізде атақты, абыройлы хан ретінде, жауынгер, батыр ретінде, әділ билеуші ретінде қалған. Ол кезінде ең әділ, ең қатал билеушілердің бірі болған. Қазақтың қазақ болып қалыптасуына елеулі еңбек еткен ер.

image.png

Абылай ханның шын есімі Әбілмансұр, ол бір кездері би Төленің қолына барғанында Тқле би оған Сабалақ деген ат берген. 1711 жылы әкесі Көркем Уәли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Ол бар болғаны 12 жасында жауынгерлер қатарына қосылған екен. Абылай хан болған жылдары қазақ елі біршама көркейген, жаңғырған деседі. Оның тарихта қалған атқарған істерінің арасында Қазақ елінің Қытаймен, Ресеймен ара-қатынасын жақсартқан. 

Абылай кезінде қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жақсарды. Қазақ халқы бірлікке, тәуелсіздікке, бейбіт өмірге бейімделді. Абылай сұлтан болған кезінде ақыл–айласымен, сабырлы салмақтылығымен маңайына Төле би, Айтеке би, Қазыбек би, Байдалы би, Сасық билерді, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Шапырашты Наурызбай т.б.  батырларды, Бұхар жырау, Ақтамберді жырау, Үмбетей жырау сияқты сыншы-жырауларды топтастыра білді.

Жол жүру ережесі туралы шығарма
Үш бәйтерек туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу