Бек Жылқыбаев: Өмір -кино, тым қысқа

Oinet.kz 19-08-2020 7278

Біз актёрмыз,

Өмір - кино, тым қысқа,

Кім саудагер?

Кім суретші?

Кім ұста?

Бəріміз де,

Басты рольде ойнаймыз,

Бөлек емес,

Бір кадрда, бір тұста.

Қайта келіп,

Қайта түсу жоқ енді,

(Монтаждауға келмейді ғой өткенді.)

Сценарийді өзің жазып тастадың,

Өзге емес,

Өзіңе айт өкпеңді.

Кейбір кино аяқталар басында,

Кейбір кино созылады ғасырға...

..Ең соңында бас актёрдың есімі,

Жазылады бас əріппен тасында.Біз актёрмыз,

Өмір - кино, тым қысқа...

Ырысбек Дәбей. Зауал
Ырысбек Дәбей. Терезе сыртындағы көктем
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу