Сәкен Сейфуллин. Қырда

Oinet.kz 22-01-2020 625

Сәкен Сейфуллин: Қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысының өмірбаяны -  Қазақстан жаңалықтары | STAN.KZ

Күңіреніп қырда отырып көкірек кернеп,

Ән салдым домбыра алып ырғап, тербеп.

Аузымнан өлеңімді қағып алып,

Ызыңдап кетті жаттап асау жел кеп.

Асау жел саулап жаттап кетті сарнап,

Аралап Сарыарқаны кезіп - шарлап.

Ән салдым қырда отырып көкірек кернеп.

Кім білсе желдің тілін соған арнап.

Сәкен Сейфуллин. Тергеген болсаң айтайын
Мұхтар Шаханов: Арал қасіреті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу