«Mecenat.kz» әдеби байқауының III маусымына романдарды қабылдау басталды

Oinet.kz 04-09-2023 178

Mecenat.kz” әдеби байқауының III мауысымына романдарды қабылдау басталды. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 14-сәуіріне дейін жалғасады.

Mecenat.kz” әдеби байқауы ІІІ маусымын ашық деп жариялап, өтінімдерді қабылдауды бастады. Қазақстан туралы қазақ немесе орыс тілінде жазылған шығармалар қабылданады. Байқауға қатысатын романның көлемі - бос орындармен есептегенде 150 000 белгіден бастап, 300 000 белгіге дейін болуы шарт. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 14-Сәуір күні, сағат 15:00-де (Астана уақытымен) аяқталады.

Байқау ережесіне басқа да өзгерістер енгізілген. Байқауға қатысушы өтінімді дұрыс, талапқа сай қылып ұсынуы тиіс екенін, өтінімде қандайда бір қателік болса, қатысушы өзі жауап беретінін ұйымдастырушылар ескертеді. Байқаудың ережелеріне сай келмейтін, ережені бұзған қолжазбалар байқаудың кез-келген кезеңінде шеттетіледі.

Байқаудың жалғыз жеңімпазы болады және ол өмір бойына айына 500 АҚШ долларын алып отырады.

Идея авторы және жобаның ұйымдастырушысы - Ерлан Асқарбеков

Жоба меценаты - қазақстандық финансист Тимур Турлов

500$ в месяц пожизненно выиграл победитель конкурса «Mecenat.kz» за лучший роман о Казахстане
Дарыны даусыз Дәркен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу