Шымкенттің Шолоховы

Oinet.kz 24-10-2023 184

Еркінбек Тұрысов есімін білмейтін қазақ кемде-кем шығар. Қарымды қаламы, дарынды ақылы арқылы күллі қазаққа танымал болған Еркінбек Тұрысов тоқсанға толған шағында ел газеті «Егемен Қазақстанда» жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт «Әуезовтің шәкірті әдеьиетке не берді?» деген мақаласында бүй деп жазған еді:

Screenshot_21.jpg

Тоқсанға толды. Ерекең. Еркiнбек Тұрысов. Қаратаудың қоңыр құлжасы. Шаянның Шолоховы. Бүгiнде бiреулер Шаянның орнын алмастырып, Шымкенттiң Шолоховы деседi. Жарасады. Ерекеңе ештеңе жараспай қалған емес. 

Тоқсандағылар. Тоқсаннан асқандар. Аллаға шүкiр, асыл сүйектi, тiлдерi тиектi, жаратылыс¬тары жүректi боп тұрыпты. Күнi кеше қарашаңырақ «Оңтүстiк Қазақстан» газетi «Жақсылар дастан айтайын...» атты батырлар жырына, көркем әдебиетке бетбұрыс жасауға арналған жарыс өткiзгенде, тоқсан төртке беттеген Әдiһәм Шiлтерханұлы сынды қасиеттi қаламгерiңiз сындарлы сөз сөйледi. Он бес минуттық бет-ашарында бiр кi¬дiрмедi. Титтей мүдiрмедi. Терең ойлармен те¬бiрендi. Елiне емi¬рендi. «Қамбар ба¬тыр» жырын жаттаған жас өс¬кiндердiң ру¬хани жаңғыруына ал¬тын арқау боларлықтай бiрегей тiлектер өрнектеп, бәтуа тұнған батасын бердi. 

Әдекеңе һәм Әуезовтiң әсер-ықпалы зор болған. Қасиеттерi қонған. Сана сапасының сар¬қыт¬тары сүйегiне сiңген. Тоқ¬сандағы Тас Мекем көкем – Мекемтас Мыр¬захметұлы Аста¬надан Абай¬тану орталығын аш¬пақтың қамында. Оған да Омарханұлы Мұх¬тардың ша¬ра¬паты тиiп, ша¬пағаты да-рыған. Бүгiндерi тоқсанға тол¬ған Тұрысовыңыздың туын¬ды¬герлiгiнде ғана емес, тұ¬тастай тыныс-тiршiлiгiнде де Мұхтар Әуезовiңiз теңдессiз рөл атқарады. Бұл құбылыс ха¬қында Ерекеңнiң өзi де, өзгелер де жазып та, айтып та жүр. Қай¬таламай-ақ қоялық.

Сонымен, Әуезовтiң шәкiртi әдебиетiңiзге не бердi? Осы мә¬с嬬ленiң мәнiсiн ашу үшiн бiр кi¬табыңыздың өзi аздық етер. Бiз¬дiкi мөлтек қана этюдтер бол¬ғандықтан, бес-алты сөй¬лемнен асырмауға тиiспiз. Аз-кем айтып, аттарын атаумен шек¬телейiк. «Келiншектау», «Ақ¬бақай», «Қы¬ран тауы», «Құ¬¬ралай жолы», «Түн¬дер са¬зы» кiтаптарындағы әдiп¬тi әңгi¬мелерi мен хрустальдай хи¬каят¬тарын ес¬ке алғанның өзiнде жазушыңызға iшiңiз уылжып сала беретiнi нелiктен екен? Дейсiз.

Ал ендi «Темiрлан» романы¬ мен «Бәйдiбек» атты айтулы дү¬¬¬ниесiнен бастап, олардан б嬬рi¬дегi «Қош, көгiлдiр керуен»,¬ «Ке¬меңгерлердiң керуенi», «Нұ𬬬¬жаудың нұрлы түндерiне» ұласатын жинақтарындағы эс¬се-лiк ерекше туындылар¬ Тұ¬ры¬совыңызды тау-тау биiк¬терге шы¬ғарады-ай. «Ұлы көш» бастайтын дра¬малары тағы бар.

Қысқасы, Әуезов шәкiртiнiң әде¬биетке қосқан олжасын олқы дей алмайсыз.

Милицияда қап қойса, кiм болар едi?

Еркiнбек Тұрысовтың жетпiс жылдығында ма, жетпiс бес жыл-дығында ма, мерейтойлық ко¬миссиясының төрағасы бол¬ғаны¬мыз бар. Бiраз-бiраз тiрлiк¬тер ат¬қарғандаймыз. Темiр көлiк мiнгiзбек модаға ендi-ендi ене бастаған кез едi ғой. Сол темiр кө¬лiгiңiзге қаржы жетiңкiремей, қиналыңқырап барып, бiлдiрмей, бипаздап жiбергенiмiз де жа¬дымызда жаңғырады.

Сол жетпiс жылдығында ма, жетпiс бес жылдығында ма, баяндама да жасағанбыз. Жазғанбыз. Ерекеңнiң ерекшелiктерi жөнiн¬де.

Мәселеңки, бүй дегенiмiз бар: «Ерекең ағам – ерекше сұлу адам. Бөлекше көркем жiгiт. Бұ кiсi жiп¬тiктей жiгiт шағында қып-қы¬зыл жағалы «мiлитсә» бол¬ған. Тал¬дырмаш, тiп-тiк, ұп-ұзын. Бе¬лiндегi белдiгi, галифе шалбары мен жалт-жұлт еткен етiгiне дейiн ерекше жарасқан... Қан¬шама қыз-келiншектер көздерiн ала алмай, көңiлдерiн ажырата алмай, таң-тамаша қалатын бол¬ған...»

Бүгiнде былай да ойлаймыз-ай.¬¬ Әгәрки, Тұрысовыңыз тоғыз жыл қызмет қылған милиция қа¬тарында қап қойса, кiм болар едi?

Қандай «мiлитсә» болғанын ме¬нiң интернаттас замандасым генерал Сұлтанов жақсы бiледi, ай¬тып та қояды.

Әрине, жаман болмас едi. Под¬полковник, полковник,¬ тiптi генерал... Алайда, алашыңыздың арғымақтайын айшықты қалам¬герi болғаны қандай ғажап. Десе¬ңiз¬шi! Жылқы туралы жаз¬баған жа¬зушы жоқ. Ал, Еркiн¬бек Тұрысовтың әңгiме, эссе, хи¬каят,¬ романдарындағы Ақбақай бас¬таған жылқылар бiр үйiр, бәлкiм бiрнеше үйiр құрап, көркем әдебиетiңiзден ойып тұрып орын алған.

Дүркiрей шауып бара жатыпты. Болашаққа.

Тұрысовтың тұрысы мен жүрiсi, сөйлесi мен күлiсi қандай?

Тұрысовыңыздың тұрысы таң¬данарлықтай. Отырысының өзi кейбiреулердiң тұрысындай. Әуезовiңiздiң өзi сонау алпысын¬шы жылдардың алдында, ал¬тын құрсақты аймағыңызға ке묬генде, отыздың ордасына iлi¬¬ге қоймаған, қараторының көр¬кемi, тасқайрақтай ылдым-жыл¬дым, сынаптайын сырғып, жас құлжадайын ырғып тұрған Тұ-рысовыңызға тәнтi болған.

Сапалы жаратылған жақсы аға¬мыз сол тұрысынан, сол жү¬рiсiнен, сол сөйлесi мен сол күл¬кiсiнен танбастан, тоқсанның тө¬бесiне шықты.

Сәлемдескенiнiң өзiнде әуел¬гiде жып-жылы жымиып, бiрте-бiр¬те Тұрысовыңызға ғана тән төгiлме күлкiсiн құйыл-төгiл тө¬гiп, ыстық ықыласына көмiп кеп-кеп жiбергенде ше, есiңдi жия алмай, елжiрейсiң-ай. Одан әрi хал-ахуалыңызды сұрап, сауалдарын саулата жөнелгенде ше, өзiңнiң кiсiкиiктеу кейпiңе кейiңкiреп, табан астында¬ Тұ¬рысовқа айналып кеткiң келетiнiн қайтерсiң?! Дейсiң-ай, кейде. Бiрақ Ерекеңдей болмақ екiнiң бiрiне бұйырмас.

Осы орайда шiркiн Шырынкүл жеңгемiз жайында жазбау мүмкiн емес. Еркiнбек көкемiздiң зайы¬бы Шырынкүл «Шiркiн, Шұ¬ға десе, Шұға едi-ау...» деп, Бейiмбет Май¬лин мәнiстегендей, «Шiр¬кiн, Шырынкүл десе, Шы¬рын¬¬күл едi ғой!» Нағыз бей¬нет¬тiң адамытұғын. Ерекеңдi пiр¬ тұтатын. Еркелiгiн де, сер¬ке¬лiгiн де, серiлiгiн де, аңшы¬лығын да, саятшылығын да, сая¬хатшылдығын да қыңқ етпей кө¬теретiн. Ерекең де Шырынкүлiн бағалай бiлдi. Әттең-ай, әттең, Шырын жеңгемiз бейнетiнiң зейнетiн көп көре алмай, бақиға ертерек кеттi.

Жылдар жылжып өткенде, маралдар кешкен Машат бойын¬дағы, Дархан Мыңбайдың үйiндегi бiр басқосуға бар¬дық. Сонда ғой, ортамызда Қара¬таудың құлжасындай боп отырған Ерекеңе бiр ағамыз: «Осы сен үйленбейсiң бе? Шырынкүл кеткелi талай жыл артта қалды ғой»,  дедi. Сәл паузадан соң бiр iнiмiз: «Ереке, бiз¬дiң ауылда қырық бестегi әйел бар,¬ көресiз бе?»  дедi. Та¬ғы бiр қа¬ламдас құрдасымыз: «Бiздiң аудан¬нан қырық бес емес, қырыққа жетпеген, отырыңқырап қалған қыздардан қаншасы керек?»  деп бөсiңкiредi. Бiз-дағы: «Ереке, Шымшаһарыңыздың өзiнен-ақ отыз бестегi қызды таба аламыз» деп, ¬әзiл үстедiк.

Ер¬кiнбек ағамыз Әуезовке елiк¬теңкiреп, ерекшелеңкiреп кү묬дi. Сәл-пәл үнсiздендi. Сон¬соң: «Бауырларым, осы сендер аға¬ларыңның емес, өздерiңнiң қам¬дарыңды қарастырып отқан сияқ¬тысыңдар ма, қалай өзi!» дедi.

Жұрт жаппай күлкiге кенелген. Қалжың айтқандар да¬ iлескенбiз. Көпшiлiктiң күл¬кiсiне.

Тұрысовыңыздың ұшқында¬ған жанары кенет тұнжырлау тартқанын, мұнарлы мұң қабыз¬дағанын бiреу байқаған, екеу байқамаған.

Тұтас Түркі әлеміне танымал болған мархабат Байғұт аға-досы туралы осылай жазған екен. Тұрысовтың тоқсанға толған шағында айтулы ақын Әбілда Аймақ та «Тоқсанның төріндегі Тұрысов» атты арнауын-өлең жазған еді.

Ел деп соқты жүрегің,

Елге арналды тілегің.

Қарсы аққан ағысқа

Қазағымның ұлы едің.

Қашап жаздың тарихты

Қаратаудың төсіне.

Таусылмасын ылайым

Алла берген несібе.

Мың жасаңыз тірлікте,

Қартаймайтын сезімдей.

Сол биікте тұра бер,

Қаратаудың өзіндей.

Жауынгер-жазушы Қасым Қайсенов: «Аса құрметті Еркінбек! Сенің батыр да, қатыгез бабаң «Темірлан» ойламаған жерден менің қолыма «тұтқынға» түсті. Бабаң жайлы сол заманның әуені, сол заманның тілімен аңыратыпсың! …Сөз саптасыңа қарағанда ұлы Мұхтар ағаңа еріп жүрген өміріңнің бақытты күндерінде оның сарқытын сарқа ішкенің көрініп тұр» деп тілегіне көмкеріп жоғары бағасын да бергені тегін емес. Дүниеге қазақ перзенті болып туып, адамзат перзенті болып аттанған Әуезов тағдыры – талай ақиқатқа қапысыз көз жеткізетін тағылым мектебі десек, Ерекең де сол мектептің үлгілі және мақтаулы шәкірті бола алғанын ешкім жоққа шығара алмас. Жазушы, жерлес інісі Мархабат Байғұт ағасының болмыс-бітімінің бөлектігін тілге тиек ете отырып, оның тұтастай тыныс-тiршiлiгiнде де Мұхтар Әуезовтің теңдессiз рөл атқарып келе жатқанын айтады. «Тұрысовыңыздың тұрысы таңданарлықтай. Отырысының өзi кейбiреулердiң тұрысындай. Әуезовiңiздiң өзi сонау алпысыншы жылдардың алдында, алтын құрсақты аймағыңызға келгенде, отыздың ордасына iлiге қоймаған, қараторының көркемi, тасқайрақтай ылдым-жылдым, сынаптайын сырғып, жас құлжадайын ырғып тұрған Тұрысовыңызға тәнтi болған. Сапалы жаратылған жақсы ағамыз сол тұрысынан, сол жүрiсiнен, сол сөйлесi мен сол күлкiсiнен танбастан, тоқсанның төбесiне шықты. Сәлемдескенiнiң өзiнде әуелгiде жып-жылы жымиып, бiрте-бiрте Тұрысовыңызға ғана тән төгiлме күлкiсiн құйыл-төгiл төгiп, ыстық ықыласына көмiп кеп-кеп жiбергенде ше, есiңдi жия алмай, елжiрейсiң-ай. Одан әрi хал-ахуалыңызды сұрап, сауалдарын саулата жөнелгенде ше, өзiңнiң кiсiкиiктеу кейпiңе кейiңкiреп, табан астында Тұрысовқа айналып кеткiң келетiнiн қайтерсiң?! Дейсiң-ай, кейде. Бiрақ Ерекеңдей болмақ екiнiң бiрiне бұйырмас».

Рас, Ерекеңдей болу екінің емес, елудің біріне де бұйырмаған ғой. Дарабоз дарын, қарымды қаламгер десек, артық-кем айтқандық емес, танымына тәнті болғанымыз. «Шымкенттің Шолоховы» атанып, бүгінде Абай, Мұхтар бастаған керуен көштен көрініп, кестелі, келісті, көркем ойлы тілімен классиктер қатарына қосылып үлгерген Еркінбек Тұрысов тек Шымкенттің ғана емес, қазыналы, қатпарлы Қаратаудың қия-құзынан қанат қомдап, Алаш аспанында еркін самғаған мұзбалақ қыранға айналған.

Еркінбек Тұрысов шығармашылық жолында қазақ халқының небір жақсыларымен, жайсаңдарымен, шешендігімен, қарымды қаламгерлігімен тұтас еліміздің биік тұлғалары атанған Сәбит Мұқановпен, Жәрдем Тілековпен, Шерхан Мұртазамен, Әзілхан Нұршайықовпен, Қалмұхан Исабаевпен, Рахманқұл Бердібаевпен тағы да басқа айтулы ақын-жазушылармен, ғұлама ғалымдармен дәмдес, дастархандас болып, олармен әдебиет майданында пікір таластыра отырып, классиктердің қазыналы ойларын өз бойына сіңіруі жазушылық өнердің биігіне көтерілуіне көп көмегін тигізді.

Жазушы – ең алдымен елдік мұраттың жыршысы. Қазақ сияқты тағдырлы ұлттың ұлы болу үшін және сол елге алғаусыз қызмет ету бақыты бұйырған жазушы болу үшін көп нәрсенің керегі жоқ. Қазақ халқында парыз бен қарыз туралы түсінік дәстүр мен туған топыраққа деген адалдық жайлы ұғымдар ықылым заманнан бері қалыптасып, атадан балаға мұра болып келеді. Әр ұрпақ осы сұрыпталған қазынаға ие болу арқылы өз кезеңін нұрландырып отырады. Өмірге, туған ел мен жерге деген философиялық таным-түсінік пен жылы көзқарас та бізге атаның қаны, ананың ақ сүтімен дарыған десек, Еркінбек Тұрысов өз туындыларында осы міндетті айқын сезініп, оны шығармашылығының негізгі нәрлі тамырына айналдыра алған.

Жазушы қаламынан туған «Қыран тауы», «Құралай жолы», «Түндер сазы» «Қош, көгілдір керуен», «Қайран Сәкен», «Кемеңгерлердің керуені», «Нұржаудың нұрлы түндері», «Алыста қалған», «Досовтың соңғы күндері» секілді дүниелердің бәрі біз үшін құнды. Өзінің ғажайып таланты, асқан еңбекқорлығы арқасында халқына қалтқысыз қызмет еткен, көркем сөздің шыңына шығып, кейінгіге мәңгі өлмес мұра қалдырған қаламгерді құрметтеу – біздің абыройлы міндетіміз деп танимыз. Келер ғасырда да кемелдене беретiн оның мұралары тек сiз бен бiздiң ғана емес, әлi дүниеге келмеген жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игiлiгi, өлшеусiз бақытына айналары даусыз. Өйткенi, Еркінбек Тұрысов қаламының құдiретi оның елге, сол елдің тарихы мен танымына деген шексiз махаббаты мен сенiмiнде жатыр. Осы бiр ақиқатты сезiну жазушы оқырмандарына, бүгiнгi тәуелсiз мемлекеттiң iргесiн нығайтып жатқан ұрпаққа қажымас қайрат, жасымас жiгер қосады.

Аида Рысбекқызы

Түркілер төрі Түркістанның тарланы
Қайраткер қаламынан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу