​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Бір баланың тілек батасы

Oinet.kz 02-09-2019 869

Картинки по запросу Сұлтанмахмұт Торайғыров

Оқыт бізді, әкетай,

Қам көңілім болсын жай.

Надандықтан құтқарып,

Қуанта көр, құдай-ай!

Көңіл менен көзді ашып

Уанта көр, құдай-ай!

Аяндардың пітінесін

Суалта көр, құдай-ай!

Надандықта қор қылма,

Миллетке бізді сор қылма,

Микробтарды зор қылма,

Рақым айлап, құдай-ай!

1912.

​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Бір адам көп жасады жер бетінде
Мұқағали Мақатаев. «Сүрініп кетпе»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу