Ененің көңілін қалай тапса болады?

Oinet.kz 19-12-2019 2216

Психолог ханым, менің есімім Айша. Жасым 26-да. 17 жасымда өзім сүйген жігіттің отбасына келін болып түстім. Оған да міне, он жылға таяп қалыпты. Алғаш табалдырық аттағанымда уыздай жас болған соң ба екен, енем мені өте жылы қарсы алып, өзінің туған қызындай қарады. Маған бар білгенін үйретіп, менің білгенімді бағалап, ылғи істеген ісіме ризашылығын білдіріп отырады. Осы күнге дейін енеммен бір ауыз сөзге келіп, ренжісіп көрмеген едім. Бірақ бір ай бұрын көрші келіннен енемнің мені көршілерге жамандайтынын естіп, қатты ренжідім. Және енеме келіп ашу бойымен не түрлі ауыр сөздер айттым. Енем болса ештеңе түсінбеген қалпы аузы ашылып қалды. Сөйтсем, менің енеммен татулығымды қызғанатын көрші үйдің келіні бізді шағыстырмақшы болған екен. Істің ақ-қарасына бармай жатып, енеме келіп ұрыс шығарғаныма қатты өкіндім. Енемнен кешірім сұрадым. Дегенмен, оның көңілінде бір сызат қалып қойды. Ал мен қарым-қатынасымыздың бұрынғыдай болғанын қалаймын. Енді қалай көңілін тапсам болады? Ақыл қосыңыздаршы?

Screenshot_1.jpgПсихолог кеңесі:

Қымбатты Айша. Енеңізбен араларыңыздың соншалық жақын екендігіне қуанып отырмын. Ал енемнің көңіліне сызат салдым дегеніңізге келер болсақ, әрине отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Енеңізбен ашық сөйлесіп, кешірім сұрап, бір ағаттық, түсінбестік кеткенін айтыңыз. Сыйлық жасап, көңілін аулап қойыңыз. Сөзіңізге қарасақ, енеңіз жақсы адам сияқты. Сізді түсінетіне күмәнім жоқ.

Дереккөз : anabol.kz


Ене «кене» ме, әлде келін «келсап» па?
Баланы бұзатын 3 тыйым. Ата-ана қателігі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу