Күйеу баласынан жүкті болған қайынапа

Oinet.kz 25-05-2022 33623

Көп жұрт ойлайды, мына қыз желмаяны мініп, қайда шықты деп. Компьютердің алдында ұзақ отырсам, тынысым тарылады. Ел көріп, жер көріп, елдің арасында өзімді жайлы сезінетінімді несін жасырайын.  

Screenshot_4.jpg

Фотоның мақалаға қатысы жоқ

Сондай бір сапарда Айғаным есімді келіншекпен таныстым. Алматыдан келе жатыр екен. Менен үш жас үлкен. Әңгімеміз әп-сәтте жарасып кете барды.

- Алматыдан келе жатырмын. Сіңліме бардым. Саған әңгіме болсын. Жол қысқарсын. 

- Иә, тыңдап отырмын.  

- Мен сіңліме баламды бердім. Күйеу баламнан көтеріп қойып, босанып келдім. 

- Не дейсіз? Дауысым қатты шығып кеткен болса  керек. 

- Асықпасай, айтам ғой. 

- Күйеу бала мен сіңлім 2010 жылы отбасын құрды. Міне, содан бері бала сүйе алмады. Бірін-бірі қимайды. Сіңлім күйеуінің бар жағдайын жасайды. Тәтті тағам, үтіктелген киім, тап-таза үй. Бірақ бала жоқ.

Содан ұзақ уақыт өтіп кетті. Мен сіңлімді аядым. Өзім тұрмыс құрғанмын. Күйеуім есірткімен ұсталып, қамауда жатыр. 7 жасар қызым бар. Олар жасанды ұрықтану жолдарына да жүгінді. Сіңлімнің денсаулығы дұрыс болмай, бала түсіп қала берді. Мен сіңліме бала туып беруге ойланып, күйеу бала екеуміз келісімге келдік. Себебі көз алдымызда солған гүлдей сіңлімді аядым, оның өмір сүргенін қаладым. Жүкті болғанымда, Алматыда пәтер жалдап тұрдым. Бар мәселені күйеу бала мен сіңлім өз мойындарына алды. Босанғаныма  4 ай болды. Ұл бала. Туылғанда салмағы 3,900 гр. Мен бұл жасаған қадамыма өкінбеймін. Ең бастысы сіңлім мен күйеу балам бақытты. Отбасында іңгәләған сәбидің үні естілді. Мен соған қуанамын.  

- Менің сыртымнан өсек айтқандар да болды. Сіңлімнің бақыты үшін бәріне төздім, төзе бермекпін. Біреумізге бір тырнақты қимаған Алла, енді біреумізге асырай алмай жатсақ, үйіп-төгіп береді емес пе?,- деп әңгімесін күрсіне аяқтады. Қапырық вагонның ішінен тағы да тынысым тарылды. 

Сіңлісінің бақыты үшін күрескен әпкелік ниетіне Алла разы болсын дедім іштей. Бір перзентке зар болып жүрген адамдар қаншама арамызда? Сіз не дейсіз оқырманым? 

Жансая Нұрқожа

Тұрмысқа шығуыма ата-анам қарсы
Отбасымызда әйел мен еркектің ынтық махаббаты жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу