Жақын достарымның өзі келіншегіме көз тіге бастады

Oinet.kz 28-09-2022 4494

Сіздерге бар сырымды ақтарамын деп шештім. Есімім Нұрлан. Жасым 28-де. Әйеліммен шаңырақ көтергенімізге екі жыл болды. Ол менен үш жасқа кіші. Мендегі бар мәселе – қызғаншақтық. Әйелімді өте қатты қызғанамын. Қанша тырыссам да, өз-өзімді басқара алмаймын.

Screenshot_8.jpg

Келіншегім мүсіні келіскен, өте сұлу әйел. Екеуміз алғаш көңіл жарастырған күннен жігіттердің оған көп көңіл білдіретінін байқадым. Басқаларды қойшы, тіпті, жақын деген достарымның өзі сүйгеніме көз тіге бастады. Қызғаныштан ішім алай-дүлей болып, өзімді зорға ұстадым. Қазір екеуміз білдей бір шаңырақтың іргетасын қаладық. Енді келіншегімді басқа адамдармен мүлде таныстырмаймын. Достарыммен де бұрынғыдай араласуды қойдым. Қол ұстасып, көшеде кетіп бара жатсақ, еркектер жанында жұбайы бар-ау демейді де, әйеліме қарап, көзін сүзіп отырады. Ол болса, мені қызба мінез, ауру болып барасың дейді. Оның ойынша шаңырағымыздың шайқалуы үшін қолдан келгенше тырысып жүр екенмін. Бар мәселе менің басымда екенін білемін. Осы күнге дейін әйелім одан күдіктенерлік қылық көрсеткен емес. Келіндік қызметін атқарып, аяулы жар бола білді. Оған артар кінәм жоқ. Бұл енді қалай болғаны? Мен өз-өзіме сенімсіз болып тұрмын ба? Өзім ұсқынсыз емеспін. Қыз-келіншектер қызығарлық көркім де, қасиетім де бар. Дегенмен, бұл жайт ішімдегі өртті сөндіре алмайды. Не істесем екен? Барлығына немқұрайлы қарап, не болса о болсын деп өмірдің ағынымен кете берейін бе? Әлде ары қарай әйелім үшін күресуді жалғастыра берейін бе? Екі жағдайда да әйелімнің көңілін суытып аламын деп қорқамын. «Сұлу әйел – еркектің соры» деген осы екен ғой…

Беймаза енем әбден қажытып жіберді
Сүйгеніммен кетсем, күйеуімнің обалына қалам деп қорқамын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу