Қайын әпкемне тегін малай болдым

Oinet.kz 10-10-2022 1091

Жұбайыммен тату тәтті өмір сүріп жүргенімізге 2 жылдың жүзі болған еді. Ол отбасындағы кенже бала. Алдында екі әпкесі бар. Күйеуімнің жұмысына байланысты Атыраудағы қара шаңырақтан Алматыға көшіп келген болатынбыз.

Screenshot_21.jpg

Осы жақтан үй алуға қаражатымыз жетпей тұрғандықтан уақытша қайын әпкеммен бірге тұра тұруға шешім қабылдадық. Бірге тұру идеясын қайын әкемнің өзі ұсынған еді. Алайда мұның мен үшін теріс айналатынын мен тіпті, білмеппін. Қайын әпкемнің үш баласы бар. Күйеуі екеуі мемлекеттік қызметте істейді. Уақыттарының басым бөлігін жұмыста өткізеді екен. Ал мені жұмысымды қашықтықтан жасай беремін. Сол үшін қайын әпкем үш баласын маған тастап кетіп жүр. Екі үлкен ұлы сабаққа, ал кіші қызы балабақшаға барады. Олардың тамағын әзірлеп, сабағын бірге оқуым керек. Киген киімдерін де жуып, үтіктеп дайындап қоямын. Енді оларды шомылдыру да менің мойныма түсті. Қайын әпкем үйде болса да балаларына аса қарап кетпейді. Ұялы телефонына үңіліп, не бөлмесінде ұйықтап жатады. Күнделікті күйбең тірліктен шаршадым. Тіпті, өз жұмысыма үлгере алмай бірнеше рет басшылықтан сөгіс естіген болатынмын. Мәселені күйеуіме айтып, жалдамалы пәтерге көшейік десем, “Тезірек үйлі болғың келсе, шыда. Кішкене ақша жинап алайық” дейді. Өзімнің балаларымды тумай жатып өзгенің балаларынан шаршап-ақ қалдым. Күйеуім де үнемі жұмыста жүреді. Екеуіміз тегін тұрған ұят деп жалақымыздың бір бөлігін қайын әпкеме беріп тұрамыз. Оған қоса азық-түлікті де, коммуналдық төлемдерді де біз төлейміз. Онда қайын әпкеммен тұрудың не артықшылығы бар екенін түсінбедім. Күйеуіме осы туралы айтсам, Алматыда бәрі қымбат. Қайта әпкем бізге көмектесіп жатыр” деп қана қайырады. Не істесем болады?

Туған сіңлім отбасымды ойрандады
Анамның 18 жасар боқмұрынды қайдан тауып алғанын білмеймін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу