Тұрмысқа шығар, шықпасымды білмей жүрмін

Oinet.kz 13-10-2022 1048

Менің жасым 24-те. 4 жасар ұлым бар. Ажырасып кеткеніме 3 жылдай болды. Тұрақты көңілімнен шығатын жұмысым бар. Менің үлкен әпкелерден сұрағым келгені ұнамайтын адамға тұрмысқа шығуға болады ма?

Screenshot_8.jpg

Маған  тұрмысқа шық деп ұсыныс жасап жүрген бір жігіт бар, бірақ өзіме мүлдем ұнамайды. Жағдайы бәрі жақсы бөлек үйі, жұмысы бар. Бірақ жігіт тым ынжық, орысша айтқанда ”тормоз”. Қанша рет жолығып көрдім, ұнатып кетермін дегенім бос далбаса. Әр жолыққан сайын, қайта көргім келмей келемін. Өзім ұнатпағаннан кейін оның жанында көңіл күйім болмайды.

Өзім сүймесем де, мүмкін оның махаббатының жылуы екеумізге жететін шығар деп өзімді алдаусыратқанмен жүрегім міз бақпайды. Қанша жақсы көруге тырыссам, соншалықты одан алыстай түсемін. Жігіттің өзін мүлдем көргім келмейді.

Бір жағынан мұндай мүмкіндік қайта бола ма, болмай ма деп ойлаймын. Сіздер не ой қосар едіңіздер? (Ақылы өзіне жетпейтен жас қыздардың ақылы керек емес) Рахмет!

Махаббат

Түркістан  қаласы

Күйеуім бола тұра, өзгені сүйіп қалдым
Өз өмірме өзім тосқауыл қойдым, өлгім келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу