Енемнің салақтығынан әбден шаршадым

Oinet.kz 14-10-2022 10224

Жақында бір сайтта «салақ келінімнен шаршадым» деген әңгіме оқып едім. Өмір қызық, біреулер салақ келінінен шаршаса, мен салақ енемнен шаршадым. Сіздерге түсінікті болу үшін басынан жазайын.

Screenshot_1.jpg

Біз Ермек екеуміз бір-бірімізді ұнатып, шаңырақ көтердік. Қыз-жігіт болып жүрген шағымызда ол мені анасымен таныстырды. Анасы өте ұқыпты, таза жан екен деп ойладым сол сәтте. Кейіннен сол шаңыраққа келін болып түскенде енемнің шынайы "бейнесін"  көрдім. 

Жалпы, енем жақсы жан. Бірақ салақтығы маған ұнамайды. Ашуым келетіні, атам мен күйеуім енемнің салақтығына үйреніп қалған. «Үйді таза ұста, жина» деп бір ауыз сөз айтпайды. Менің ата-анам тазалыққа өте сақ қарайды. Бізді де солай тәрбиелеп өсірді. Отырған, тұрған жерімізді әркез таза ұстап отырамыз. Енемнің бет сүртетін сүлгісімен менің анам аяқ киімін де сүртпейді. 

Мен бір жаққа кетсем үйіміз шашылып, ыдыстар жуылмай, кір сасып тұра береді. Енем тазалауды, жинауды тіптен ойламайды. Біздің үйде ыдыс көп. Менің, абысынымның жасауымен келген ыдыстар. Енем сол таза ыдыстарды бірінен соң бірін пайдаланып отырады, жууды мүлдем ойламайды. 

Мен келін болып түсерден алдын қайын әпкелерім келіп үйді тазалаған екен. Ал қазір мен жан-жақты жинап, тазалап отырамын. Қайын әпкелерім әр келген сайын маған алғысын айтады. Төркініме барып емін-еркін жата алмаймын. Он күн жатсам, келген соң үйді он күн тазалаймын. Бұл қашанға дейін жалғасады? 

Бір қызығы, енемді ешкім салақ екен деп ойламайды. Ол кісі тек үстіндегі киімін тазалап, таза жүреді. Тек өз жағдайын жасап, үй шаруасымен басын қатырғысы келмейді. Маған да әркез айтатыны «кейін істейсін, шаршама, жат, демал». Кейбір келіндер енесінен осы сөзді тыңдағысы келсе, ал мен бұл сөздерге ашуланамын. 

Кейде өз қоқысынын ортасында отырсын деп бөлек шығып кеткім келеді. Бірақ балаларым әжесін жақсы көреді. Енем де жақсы адам. Ауырсам дәрі беріп, жағдайымды жасап жүреді. Жұмыста болсам балаларыма қарап, киімдерімді үтіктеп, дайындап қояды. Ата-анам келсе төрге шығарып, ерекше құрмет көрсетеді. Бірақ салақтығы мені әбден шаршатты. Бұл қашанға дейін жалғасады екен?!

Отыз бес жасымда, он тоғыз жасар жігітке тұрмысқа шықтым
Енем жатын орнымызды тартып алғысы келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу