Амалсыз келін болған үйімнен бүкіл ауруды жұқтырып қайттым

Oinet.kz 16-05-2023 24420

Жасым 18-де, осыдан 2 жыл бұрын дәл осы тамыз айының 9 күні өзім әлі жақсы танып үлгермеген 1994 жылғы бала алып қашып бір мезетте бір үйдің келіні атандым... Эх әке шешем келіп алып қашқан баланың түр әлпетін, тұрмыс жағдайын көргенде сол мезетте алып кетер ме еді...

Screenshot_1.jpg

Бірақ бағым ба сорым ба, кім білсін, қуғыншыға ағам (әкемнің інісі) мен жеңгем келіп мені қайтып келген қыз жаман, бізді ұятқа қалдырасың деп сол үйде екі көзімді мөлдіретіп тастап кетті...

Міне содан менің келіндік өмірім басталды, небәрі 16 жасымда. Біз отбасымызда 5 адамбыз әкем, анам, мен және 2 інім, ал мен келін болып түскен үйімде атам, енем, күйеуім, 3 қайным, 2 қайын сіңілім мені қосқанда 9 адам тұрдық. Ондай адам көп ортаға үйренбеген соң ба басында 1 ай қиналдым. Мақтанғаным емес, қолымнан тамақ жасау, қонақ күту бәрі келетін, соның арқасында енемнен бір артық сөз естіген емеспін... 4 айға ғана созылған келіндік өмірімде бүкіл ауыруды жұқтырдым себебі тұрып жатқан үйіміздің едені цемент, қыста тастай суық болады, содан әбден салқын тиіп қатты ауырып жүрдім, ауырғанымды ешкімге айтпайтынмын қорықтым ба әлде ақымақтығым ба. 4 айдын ішінде той, құдалық ештеңе болған жоқ тіпті есік ашып та барған жоқпыз... Қалың малымды да екіге бөліп берген, оған да менің отбасым көз жұма қарады.

Барған жерім, ата-енем жаман емес еді, бар мәселе күйеуімде болды: үйге қонбау, ішіп келу одан қалса мені ұруды шығарды. Қанша таяқ жесем де көршілерден тіпті ата-енемнен ұялып бөлмеде даусымды шығармай жылайтынмын... Анам телефонда сөйлескен сайын күйеуіңді сыйла, қарсы сөйлеме, сіздікі дұрыс деп құтыл дейтін. Еш қарсы келген емеспін, сіз деп сөйлейтінмін, тек соның айтқанымен жүретінмін. 2 телефонымды сындырып, әжетханаға тастап жіберген. Оны сыйлағанымды, сіз деп сөйлегенімді міндет қылып жатқан жоқпын, тек сонша қадірлеген күйеуім менен не жамандық көргенін түсіне алмадым соңғы таяқ жегенімде шыдамай анама хабарласып бәрін айтып алып кетуін өтіндім содан бері екеуміз екі жақта жүргенімізге 1 жыл 8 ай болыпты, еркек болып бір рет болсын кешірім сұрап хабарласқан емес. Сонша уақыт ішінде оқуға түсіп, кәзір фельдшер мамандығы бойынша 2 курсқа өттім. 4 ай аз уақыт болса да отбасымды сақтап қалу үшін соның таяғы мен мазағына шыдаған менде ақымақ болыппын. Басында айтып кеткендей, отбасылық жағдайы нашар болатын күйеуімнің түрі де адам сүйсінердей емес еді соның бәріне көз жұма қарап шыдағаныма өзіме әлі таң қаламын...

Қазір кішкене ес біліп ақыл тоқтатқан соң жүрекке әмір жүрмейді екен. Кәзіргі таңда бір баламен телефон арқылы сөйлесіп жүрмін өзі офицер болып жұмыс жасайды, өзімнен 7 жас үлкен Ақтөбенің тумасы. Сол жігіт осы қыркүйек айының орталарында Шымкентке келемін, сені өзімнен бірге алып кетсем қарсы емессің бе дейді. Өткен өмірім жайлы бәрін біледі... Аузы күйген үрлеп ішер демекші қанша жерден жақсы араласса да сенімімнен гөрі қорқынышым басым болып тұр. Кішкене ақыл қоссаңыздар екен.

Аноним

Alashainasy.kz 

Жездемнің мені әбден табалағанын көріп тұрып, түк демеген әпкеме өкпем қара қазандай
9 жыл бала сүйе алмаған Айсұлуға перзент сүюге себепкер болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу