Енемнің үйде жоқтығын пайдаланып, заттарының бәрін өртеп жіберіп едім...

Oinet.kz 18-08-2023 7489

Қыздар, үйленгенімізге әлі 1 жыл да болған жоқ. Шүкір бақыттымын, бәрі жақсы. Тойдан соң бірден көтердім, қазір 8 айдамын. Келесі ай босанамын. Шүкір ата-енеммен тұрам. Шүкір дейтінім, декретте болған соң ата-енем азық-түлік, майда-шүйде жағынан көмектесіп келеді. 

Screenshot_8.jpg

Күйеуім енді аяққа тұрып келеді. Оның ақшасы тек екеумізден артылмайды. Қысқасы мендегі проблема мынадай:

Жұма күні ата-енем 3 күндік демалыс аймағына кеткен. Мен сол кеткендерін пайдаланып, үйдегі енемнің дәлізге үлкен қорапқа салып қойған, 8 айдан бері көзіме тікенек болып көрініп жүрген артық, киілмейтін киім, қоқыстарды, т.б. заттардың бәрін өртедім. Бәрінің көзін құрттым қорабымен қоса. Тұрмыстағы қайын сіңлімнің кішірейіп қалған кіимдеінің бәрін лақтырдым. Ескі тоңазытқыштың орнын ауыстырып, шаңдарын сүртіп, керектерін енемнің бөлмесіндегі шкафтағы шабаданға көрсетпей реттеп салып қойдым. Өзіміздің жатын бөлмеміздің де жиһаздарын ауыстырып реттедім. Мә, рахаттанғанымды көрсеңіздер. Бәрін жасап  болған соң, душқа түсіп жеп-жеңіл болып ұйықтадым. 

Енді бүгін мама-папа келді. Мен түскі асқа етті салып қайнатып, борщ әзірлеп жатқам күштілеп. Күйеуім жұмыста. Сосын сәлем салдым да: "Мама, ұрыспаңызшы, дым лақтырмадым, бәрін орнына салып қойдым, шабаданға",- деп өтірік айттым. Бәрі емес біразын өртедім ғой. Мама: "Мәәә, құрысын",- деп біраз есеңгіреп қалды. Папа: "Қоя бер келінің тауып береді ғой",- деп жылы жаба салды. Сосын "балаларыңызды ұрыспаңыздаршы, оның қатысы жоқ" дедім. Әйтпесе күйеуім ғой маған көмектесіп жүрген. Бірақ ол өзің жауап бересің деген көмектесіп жүріп, жаным. Енді үй артық зат, қоқыстан тазарып қалды. Тек ең керек заттарды алып қалдым. 

Одан бөлек ас үйдегі енемнің артынан келген 3-4 ыдысты, шай, тұз салатын болмайын нәрселерді, ескі-құсқы орамалдарды лақытрғам. Үй жаңадан жөндеуден өткен, жаңа жер үй, ал бағанағы ескі заттар үйдің көркін құртып тұрады. Көрсем болды лақтырып, өртеп құтылғым келіп тұратын.

Не істерімді білмей дүкенге шығып кеттім енді. Жұмсақ нан алып келдім де, ыстық сорпаларын берейін деп күтіп отырмын. 

Енем өз бөлмесінде бірауыз ләм-мим демеді. Папа да үндемей жүр. Бірақ мен енді өзімді өте ыңғайсыз сезініп отырмын. "Мына келін қайдан шыққан дәу?" еп қалмады ма екен? Ұят-ай...

Не істеймін?


Үш рет жіп алып қораға бардым...
Өз баламды біреуге ұрғызып, тістетіп отыруға шыдай алмайды екем
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу