17 жоба іске қосылып, 248 жаңа жұмыс орыны ашылды

Oinet.kz 31-10-2021 634

Screenshot_1.jpg

Мемлекет басшысы халыққа арнаған биылғы жолдауында «Ауыл шаруашылығының әлеуеті орасан зор» бірақ, агроөнеркәсіп кешені саласында қордаланған өзекті мәселелердің де бар екенін атап өтті. Сонымен қатар осы өзекті мәселелерді шешу үшін бірқатар міндетін қойды.

Бұл міндетті орындауда Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Атап айтсақ ағымдағы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 31,1 млрд. тг. жетіп, 101,6% артты. Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 99,3 млн. АҚШ долларын құрап,  103,2 пайызға ұлғайды. Бөлшек сауданың көлемі 331,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдан 108,1 пайызға артты.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының негізгі капиталы мен тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 4269,2 млн. теңге  инвестиция тартылды. 

Сонымен қатар, 29,3 мың   га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары  егіліп (+1,4 мың га), 85,4 мың тонна өнім жиналды (3,0 мың тн.).

Қосымша өнеркәсіптік үлгідегі  9 га жылыжай кешені салынып, жалпы көлемі 204 га жетті («Agro Park kz  ЖШС-5 га, «IGM Corporation» ЖШС- 4 га,).

Биыл салада құны 7,6 млрд.теңгені құрайтын 17 жоба іске қосылып, 248 жаңа жұмыс орыны ашылды ("Корно-1» ӨК, «Эгамнзаров» ЖК, «Наурыз.» ЖШС, «Асыл-жұлдыз» СПК, «Байзаков Е» ШҚ, «Абдукаримов» ЖК, «Наркулов» ЖК, «Лапиев» ЖК, ЖК «Халаев», «Зертас» ШҚ, «Алтынсай» ШҚ, «AgroPark» ЖК, «IGM Corporation» ЖШС, «Алина» ШҚ, ЖК «Орынбасарова Г» (Айнакөл) );  

Мемлекет басшысының айқындаған міндеттерін орындау мақсатында салада   бірқатар негізгі бағыттар айқындалды. Ауыл шаруашылығы жерлерін әртараптандыру және ЛПХ-ны кооперация шеңберінде  дамыту. 

Жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мақсатында қала шетінде орналасқан үй іргелік жерлерге  көкөніс пен премиум өнімдерді егу арқылы отбасылық табысты арттырып,  жұмыссыздық санын азайту жоспарлануда.

Ол үшін тамшылатып суғару тәсілін қолдана отырып, өсіру мен өнім алу жолдарын практикалық тәжірибе ретінде көрсетіліп, семинарлар ұйымдастырылатын болады.

Шағын шаруашылығы бар тұрғындарға 1-2 пайызбен несие беріледі
Шымкентте заманауи қоймалардың жұмысын жаңғырту жұмыстары қолға алынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу