Шымкентте заманауи қоймалардың жұмысын жаңғырту жұмыстары қолға алынады

Oinet.kz 31-10-2021 649

Screenshot_2.jpg

Шымкент қаласында жайылым жерлер аз болғандықтан келесі жылдан бостап озық технологиямен гидропоника әдісі ендірілетін болады. Атап айтсақ, жабық кеңістікте 2 кг астық дәнін сеуіп, 7 күнде 12 кг дейін мал азықтық дақылын алуға болады. Бұл әдіс арқылы алынған мал азықтық дақылдарының құнарлығы өте жоғары болғандықтан, өнімділік артатын болады. Бұл туралы Шымкент қаласы ауылшаруашылығы басқармасы хабарлайды.

Сонымен қатар ветеринарлық саласы үш бағытта дамыту жоспарлануда. Атап айтсақ:

1. Ветеринария жүйесін толық цифрландыру;

- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру,

- ветеринариялық анықтама беру.

2. Эпизоотиялық ахуалды тұрақтандыру;

- адамдар мен жануарларға ортақ аса қауіпті ауруларға қарсы екпе егу.

3. Мамандардың жалақысын көтеру.

- мамандардың орташа жалақысы 125,0 мың теңгеден алдағы 5 жылда 200,0 мың теңгеге көтеру.

Сонымен қатар мемлекеттік қолдау шаралары жалғасатын болады. Сондай ақ, субсидиялау бағыттары оңтайландырылып, орта және шағын шаруашылықтарға тең дәрежеде қолдау көрсетілетін болады.

Және де маусымдық кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (СЗПТ) бағаларды тұрақтандыру мақсатында заманауи қоймалардың жұмысын жаңғырту жұмыстары қолға алынады. Атап айтсақ:

- «Dеlta oil» , «Gramad retail», «Керемет-сапа», «Южстрой сервис» заманауи қоймаларын іске қосу

- Әрекеттегі 6 заманауи көкөніс сақтау қоймаларында өнімдерді сақтауды ұйымдастыру

- Делдалдық қызметті шектей отырып алқаптан сөреге жеткізу

- Онлайн сауданы жетілдіру

Жоғарыда атап өткен жұмыстар мен жоспарланған жобалардың нәтижесінде: 

- жалпы өнім көлемі  37 млрд. тг. құрап, еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 3 млн теңгеге жетеді. 

- 28 инвестициялық жоба іске асырылып, 1500-ге жақын жаңа жұмыс орындары құрылады; 

- 20,0 мың тн бройлер еті қосымша өндіріледі;

- Ірі сауда желілері іске қосылып, сауда базарлары жаңғырып бөлшек сауда көлемі 450,0 млрд. тг. жетеді; 

- Әлеуметтік дүкендер саны ұлғайып, азық-түлік жәрмеңкелерін ұйымдастыру арқылы баға индексі 110% жетеді.

17 жоба іске қосылып, 248 жаңа жұмыс орыны ашылды
«NURTAU Distribution Company» сағатына 300-400 келі шоколадты печенье өндіреді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу