Жастарға қанат бітірген жоба

Oinet.kz 03-10-2022 256

image.png

Бүгінде кәсіп ашу жұмыссыздықпен күрестің басты құралына айналып отыр.  Өйткені барлығына мемлекеттік мекемеден жұмыс тауып беру мүмкін емес. Әрі кәсіп ашу жұмыссыздықты азайтумен қатар қаланың экономикасының дамуына да ықпал етеді.  Сол себепті кәсіп ашамын, бизнес бастаймын дейтін азаматтарға қолдау көп.  Мұндай шаралар 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобада қарастырылған. Кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша биыл Шымкент қаласында 3050 адамға қолдау көрсету жоспарланған. Оның 1 900 «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту көзделген. 

Өткен жылы 700-ден астам шымкенттік көлемі 200 АЕК (583 000 тг.) грантқа ие болған. Оның ішінде 200-і жастар санатындағылар.  Соның бірі  Абай ауданының тұрғыны Аллаберген Исаев. Жасы небәрі 26-да. Мамандығы - биотехнолог. Өз кәсібін бастағанға дейін ғылыми-зерттеу институтында келісім шартпен жұмыс істеген. Өткен жылы ол 29 жасқа дейінгі жастар санатымен мемлекеттік грантқа (583 400 тг.) өтінім беріп, нәтижесінде комиссия оның “Органикалық тыңайтқыш өндіру” тақырыбындағы бизнес жоспарын мақұлдайды. Тиісті қаражат есеп шотына түсісімен жас кәсіпкер іске кіріскен Ол 10 мыңға жуық калифорния шылаушынын, оларға қорек ретінде арнайы топырақ сатып алған. Осылайша тәуекелге бел буып, кез келген жан қызыға бермейтін ерекше кәсіпті есік алдындағы 50 шаршы метр жерде бастап кеткен.

«Шылаушын асырау арқылы топырақты тыңайтуға болады. Қызыл құрттар органикалық қалдықтарды жеп, биогумус, яғни, биологиялық тыңайтқыш жасап береді. Бұл егін шаруашылығына таптырмас дүние. Қазір тыңайтылған топырақтың бір келісін 70-80 теңгеден сатудамын», - дейді Аллаберген.  

Міне, осылайша ұлттық жоба талай жастарды жүмыссыздықтан қорғап, керісінше кәсіп бастауға себеп болып отыр. 

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік – экономиканы дамытудың жолы
Шымкентте балық емес қармақ алып, кәсіп ашқандар көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу