Нарыққа төтен беріп келе жатқан кондитерлік фабрика

Oinet.kz 17-11-2022 401

image.png

Шымкенттік «Барыс 2007» жауапкершілігі шектеулі серіктесітігі кондитерлік өнімдерді шығарады. Фабрика Қазақстанның Оңтүстік аймақтарындағы нарықтың 10-15 пайызын печеньемен қамтамасыз етіп отыр. Тұтас республика бойынша да өнімдері таратылады. Айта кетерлігі,  шымкенттік  печенелерге деген сұраныс жыл сайын өсіп келеді. Бұл Қазақстанда кондитерлік өнімдерді шығаратын үздік фабрикалардың бірі. Қондырғылары Италияда жасалған. Яғни итальяндық «IMAFORNI» компаниясының үздік желісі іске қосылған. Бұл желі жоғары сапалы, пішіні мен дәмі тұтынушының көңілінен шығатын кондитер өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Өндіріс желісі толықтай автоматтандырылған. Тәтті өнімдерді шығаратын құрал-жабдықтардың жалпы құны 7 миллион долларды құрайды. Мұнда тәжірибелі, білікті мамандар қызмет етеді. 

«Жұмыс барысы қамыр илеуден қаптамаға дейін екі жарым сағат уақытты алады. Яғни керекті қоспаларын салу, оны араластыру, пешке салу, алу, бәрі бір күнде жасалады»,- дейді «Барыс 2007» ЖШС технологы Әсем Шойынова. 

Фабрикада тәулігіне 25 тонна өнім шығарады. Мұнда печеньенің 20-дан астам түрі жасалады.  Оларға: «Бөбек», «Наурыз», «Арман», «Шашу», «Экзотика», «Гармония», «Дуэт», «Топленое молоко» т.б. атаулары берілген. Сондай-ақ таралли және торчитти атты итальяндық өнімдер де бар. 

«Қазіргі таңда шикізаттың бағасының өсу динамикасына қарасаңыз әлдеқайда өскенін байқайсыз. Маргарин 40 пайызға, ұн 10-15 пайызға өскен. Біз түсінеміз бұл нарық. Біз сапаны да сол қалпы бағаны да сақтап қалуға күш салып отырмыз. Өнімнің құрамын арзан шикізатқа айырбастамадық. Өйткені біз үшін сапа бірінші орында.»,- дейді  «Барыс 2007» ЖШС директорының міндетін атқарушы Сергей Югай. 

Кондитерлік фабрика жалпы жылына 400 мың тонна өнім шығарады. Экспорттың әлеуеті де артып келеді. Қазіргі таңда Қырғызстан, Өзбекстан,  Ресей және Қытай елдеріне өнімдерін жеткізіп отыр. Ендеше, шымкенттік сапалы да дәмді өнімді сізде таңдаңыз. 

Бизнес өкіліне нендей жеңілдіктер жасалады?
Қалдықтан өнім шығарып отырған кәсіпорын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу