Қалдықтан өнім шығарып отырған кәсіпорын

Oinet.kz 17-11-2022 379

Screenshot_1.png

Үшінші мегаполистегі «Бумпром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шығаратын өнімі – орама қағаз. Одан түрлі қораптар, қағаз қаптар дайындалады. Фабрика тәулігіне 10-12 тонна қағаз шығарады. Бірақ бұл қағаз дайын шикізаттан емес, қайта өңдеуден пайда болып жатыр. Бұл фабрика Шымкенттегі «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан. 2016 жылы ашылып, содан бері сапалы өнім шығарып келеді. Мұндағы қондырғылар 400 мың АҚШ долларына Қытай елінен сатып әкелінген. Оның көмегімен қалдықтар 5 кезеңнен тұратын күрделі  тазалаудан өтеді. 

«Макулатура қағазы келеді. Оны үгіттегіш аппаратқа саламыз. Онда  қағаздар сумен араласып майдаланады. Одан соң фильтрге барады. Содан соң «диірменнен» өтеді. Шикізат одан әрмен станокқа өтеді. Ол жерде қағаз жайлып, құрғатылып, престеледі. Осылайша дайын өнім пайда болады»,- дейді серіктестің машинисі Сағи Байділдаев.

Жобаның жалпы құны 200 миллион теңгені құрайды. Кәсіпорын жылына 4 мың, ал айына 350 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Бүгінде мұнда 30 адам жұмыс істейді. 

«Біздің шығарып отырған өніміміз «жартылай фабрикатталған» деп аталады. Өнімдеріміз ішкі нарыққа таралады. Әсіресе Алматы қаласына көптеп жөнелділеді. Одан өзге Павлодар, Қарағанды, Семей қалаларынан да сұраныс көп. Зауыттан шыққан орама қағаздан өзге  облыстардағы гофра цехтар қорап жасайды» ,- дейді «Бумпром» ЖШС басшысының орынбасары  Сәкен Ташназаров.   

Зауытқа қажетті шикізат Қызылорда, Алматы, Шымкент қалаларынан тасымалданады. Өндіріске қажетті қағаз қалдықтары келілеп сатып алынады. 

Қазіргі таңда зауыт өнімдеріне сұраныс мол. Әсіресе тапсырыстың дені Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарынан түседі. Басқа аймақтарға да таратылады. Алдағы уақытта Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттеріне өнімді экспорттау жоспарланып отыр. 

Бұл кәсіпорынның маңыздылығы орама қағазға деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етеді, осылайша шетелдік өнімге деген мұқтаждықты азайтады. Кәсіпорын басшысының орынбасары С.Ташназаров компанияның алдағы жоспарларымен бөлісті. Келешекте мұнда қосымша жаңа қондырғылар қойылып, қара қағаз және өзге де тұрмысқа, құрылысқа қажетті бұйымдар шығарылмақ.

«Бум пром» кез-келген көлемде тапсырысты  қабылдап, сапалы тауарды жеткізіп бере алады. 

Нарыққа төтен беріп келе жатқан кондитерлік фабрика
«Белла жиһазына» сұраныс қашанда жоғары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу