Қаланың абаттануына үлес қосып жүрген үздік аудан

Oinet.kz 17-11-2022 473

Screenshot_6.png

Қала тазалығы үшін жасалынып жатқан Шымкент қаласында 10-шы рет ұйымдастырылған «Таза қала» акциясы қазан айында мәресіне жеткен болатын. Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Азаматтық Альянс өкілдері жеңімпаздардың жүлдесін салтанатты түрде табыстады. Аудандар арасындағы мониторинг бойынша Әл-Фараби ауданы жақсы көзге түсті.

Бұл байқаудың негізгі мақсаты қаламызды көркейту мен абаттандыруға, тазалығын сақтауға, жасыл желегін ұлғайтуға қала тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тазалыққа шақыру болып табылады.

Әл-Фараби ауданы аумағынан байқауға қатысуға ниет білдірген үй басқарушылары мен орам, көше басқарушылары өз аулалары мен көшелерінің санитарлық тазалығын, көгалдандырылуын, гул отырғызу және кутіп-ұстау, баптау жұмыстарына белсенділік танытты. 

– Биылғы үміткерлерді бес номинация бойынша қарастырып отырмыз. Олар – үздік аула, үздік көше, үздік үй, үздік аула тазалаушы және үздік тұрғын алаптар. Бұл акцияға қатысуда шектеу болған жоқ, кез келген тұрғын немесе үй төрайымы қатыса алады. Алдымен әр ауданда өзара үздігін анықтап, осы комиссия отырысында қарауға жібереді. Мұндағы мақсатымыз – қала тазалығын сақтауға үндеу, – дейді ҚР Президенті жанындағы ұлттық комиссияның мүшесі, әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Айтбекқызы.

Байқау шартына орай 2022 жылы Әл-Фараби ауданы аумағынан қатысуға өтініш білдірген:

«Үздік аула» номинациясы бойынша-86 үй;

«Үздік көше» номинациясына – 27;

«Үздік шағынаудан» номинациясына – 8;

«Үздік үй» номинациясына – 11;

«Үздік қызметкер» - 14;

«Таза қала» акциясы аясында арнайы комиссия құрылып, қаладағы 4 ауданнан «Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік үй», «Үлгілі коммуналдық қызметкер», «Үздік шағынаудан» аталымдарына сай жеңімпаздарды анықталды. Байқау нәтижесіне сәйкес Әл-Фараби ауданы қала бойынша «ҮЗДІК АУДАН» номинациясына ие болды.

Айта кетейік, 5 аталым бойынша әр ауданнан 15 үздіктен 60 азамат марапатталды. 


Жас кәсіпкер тәжірибесімен бөлісті
«Шымкент-Кашемир» - тізеқап тоқитын жалғыз әрі берегей фабрика
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу