Қайтарымсыз грантқа кімдердің үміті бар?

Oinet.kz 16-11-2022 182

image.png

Үшінші мегаполисте қайтарымсыз грант берудің үшінші легі бойынша комиссиясының отырысы басталған болатын. Осы күнге дейін  кәсіпкерліктің түрлі бағыттары бойынша 700-ден аса үміткер комиссияның алдында жобаларын қорғап шықты. Бұл туралы Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы мәлімдеді. Комиссия мүшелері жобаны бағалауда бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігіне, үміткердің кәсіпкерлік дағдыларын меңгеру деңгейіне, бизнес-жобаның қаржылық мүмкіншілігіне, жаңа жұмыс орындарын құру сынды критерийлерге басымдық беруде.

Ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант мөлшері – 400 АЕК. Бұл дегеніміз – 1 225 200 теңге. Қайтарымсыз грантқа бөлінген қаржы – шикізат пен материалдарды, техникаларды сатып алуға байланысты шығындарға пайдалынылады. Ал грант иегері атанғандар тиісті қаржы есептерін арнайы business.enbek порталы арқылы тапсырып отырады.

Жалпы үшінше лекке 1062 адам өтінім берген. Санаты бойынша оның — 200-і жастар, ал 862-і осал топ өкілдері.

Азаматтардың басым бөлігі ұсынған бизнес жобалар – жартылай дайын тағамдарды сату, кондитерлік өнімдерді даярлау, тігіншілікпен айналысу, қызмет көрсету салалары және мал шаруашылығына қатысты.

Комиссия мүшелері жобаны бағалауда бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігіне, үміткердің кәсіпкерлік дағдыларын меңгеру деңгейіне, бизнес-жобаның қаржылық мүмкіншілігіне, жаңа жұмыс орындарын құру сынды критерийлерге басымдық беруде.

Мемлекеттік грант - бұл жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін 400 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі бастапқы капитал.

Гранттар қаражаты ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, сондай-ақ жекелеген әлеуметтік санаттарға жататын адамдарға өз бизнес әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Гранттар келесі бағыттарда қолдану үшін беріледі: қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малдарды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу.

Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.

Жалғызбасты әке жеке кәсібін ашты
Кәсіптен береке тапқан келіншек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу