Кәсіптен береке тапқан келіншек

Oinet.kz 17-11-2022 302

image.png

Шымкентте өткен жылы 29 жасқа дейінгі санат бойынша 583 мың теңге мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, жеке кәсібін бастағандар адамдар аз емес. Бұл – Күлжайна Қалдарова. Жасы 33-те. Төрт баланың анасы. Шымкент қаласының тұрғыны. Ол 2021 жылдың тамыз айында “Бастау бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып сертификат алған.

2022 жылдың 1-14 сәуір аралығында қайтарымсыз грант алудың бірінші легіне (поток) өтінім беріп, 26-28 сәуір күндері өткен комиссияның отырысында бизнес жоспарын қорғаған. Комиссия көпбалалы ананың жобасын мақұлдап, нәтижесінде тиісті грант қаражаты тағайындалады. Көп ұзамай арнайы есеп-шотына түскен қаржыға кәсібіне қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып іс бастап кетеді.

«Қазір кәсіп бастаймын немесе кәсібімді ұлғайтамын дегендерге мемлекет тарапынан түрлі жағдайлар жасалынып жатыр. Қайтарымсыз мемлекеттік грант соның бір дәлелі. Бұл шағын іс бастауға қаражаты жоқтарға немесе қаражаты жетпеген белгілі бір санаттағы азаматтарға үлкен көмек. Мысалы мен қолымнан келетін кәсібімді мемлекеттің осынау көмегі арқылы бастағаныма өте қуаныштымын. Бұл берекенің бастауы болса керек», – дейді грант иегері.

Айта кету керек, қала бойынша мемлекеттік қайтарымсыз гранттың бірінші легіне 400-ден астам өтінім келіп түскен (онлайн форматта). Нәтижесінде комиссияның қаралымына 336-сы жіберілген. Комиссия тарапынан 226-ның бизнес-жоспарлары мақұлданып,110-ны кері қайтарылған.

Айта кетейік, Шымкентте былтырғы жылы 700-ден астам азамат грантқа қол жеткізсе, оның ішінде 200-і жастар санатындағылар (29 жасқа дейінгі). Ал, ағымдағы жылы 1000-нан астам азаматқа бірнеше лек бойынша грант тағайындау көзделіп отыр. Бұл жобаның тиімді тұстарының бірі – мұндағы бір айлық оқуға қатысқандарға шәкіртақы да қарастырылған.

Сала мамандарының айтуынша мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы грант қаражаттары Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы ұсынылады. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қайтарымсыз қаржыға «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен және бұдан бұрын грант алмаған жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылар үміткер бола алады.


Қайтарымсыз грантқа кімдердің үміті бар?
Ерлі-зайыптылар отбасылық наубайхана ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу