Ерлі-зайыптылар отбасылық наубайхана ашты

Oinet.kz 17-11-2022 412

image.png

Жұмыс жоқ. Бұл сылтау ма, әлде қазіргі қоғамның ащы шындығы ма? Негізінде ізденген, еңбектенген адамға айналамызда жұмыс көп. Ниеттенсеңіз тіпті, біреуге жалмадамалы жұмысшы ретінде емес, өз бизнесіңді ашып та табыс табуға болады. Қазақта «Аш адамға балық берме, қармақ бер» деген жақсы сөз бар. Елімізде осы мақалға негізделген ұлттық жобалар көп-ақ. Айталық қайрамысыз грант арқылы өз кәсібіңді ашуға мүмкіндік бар. Бұл бағдарламаның Шымкент қаласында орындалу барысы жоғары деңгейде. 

Мәселен Шымкент қаласының тұрғындары ерлі-зайыпты Әкімбеков Абылқайыр мен Беркінбаева Әсел мемлекеттік қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, алған қаражаттарына шағын наубайхана ашты.

Отбасылық жұп 2020 жылы Шымкент қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, 21 күндік «Бизнес бастау» кәсіптік оқытуға жолдама алған. Сертификаттары қолдарына тиісімен мемлекеттік грантқа қатысу үшін наубайхана ісі бойынша бизнес жоспарын әзірлеп, онысын комиссияда сәтті қорғап шыққан. Нәтижесінде 555 650 теңгелік грантқа қол жеткізіп, наубайханаға қажетті құрал-жабдықтар сатып алған. Бүгінде нанға тапсырыс қабылдап, тәулігіне 100 -130 нан пісіріп, отбасылық кішігірім ісін дөңгелетіп отыр.

Айта кетейік, Шымкентте былтырғы жылы 700-ден астам азамат грантқа қол жеткізсе, оның ішінде 200-і жастар санатындағылар (29 жасқа дейінгі). Сала мамандарының айтуынша мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы грант қаражаттары Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы ұсынылады. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қайтарымсыз қаржыға «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен және бұдан бұрын грант алмаған жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылар үміткер бола алады. «Бастау-бизнес» жобасының тиімді тұстарының бірі – мұндағы бір айлық оқуға қатысқандарға шәкіртақы да қарастырылған.

Кәсіптен береке тапқан келіншек
Ұлттық қолөнерді дамытқан шебер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу