Ұлттық қолөнерді дамытқан шебер

Oinet.kz 17-11-2022 272

image.png

Нәзік жандылардың тігіншілікке жақын болуы тұрмыста аса қажетті қабілеттердің бірі. Ертеректе бұл қазақ шаңырағындағы әрбір әйелдің міндеті болса, қазіргі таңда бұл хобби немесе кәсіп. Әрине бұл өнерді кәсіпке айналдырғанның пайдасы мол. Әйелдер қауымына бұл өнерді кәсіпке айналдыруға кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобалары көмекші болуда. 

Шымкент қаласының тұрғыны Диана Жайлаубаева кесте тігу өнерін жетік меңгерген қолөнер шебері. Ісмер ұлттық нақыш пен заманауи үлгіде қолөнер бұйымдарын әзірлеп, кесте тігеді және ою-өрнектерімен әшекелейді. Осы уақытқа дейін бас киім, сөмкелер және тағы да басқа дүниелерін әлеуметтік желі парақшасы арқылы ұсынып келген. Өз кәсібін одан әрі дамыту мақсатында ол мемлекеттің қолдауына жүгінді.

Ісмер қалалық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, қосымша «Бастау бизнес» оқу курсын тәмамдайды. «Қолөнер бұйымдарын жасау ісі» бойынша қайтарымсыз грантқа өтінімін білдіріп, комиссияның шешімімен құжаттары мақұлданған. Нәтижесінде 200 АЕК (555 650 теңге) көлемінде мемлекеттік грант жеңіп алды.

Диана  Жайлаубаева «Еңбек» бағдарламасы бойынша берілген қайтарымсыз грант қаражатына тігін машиналары, манекендер мен тағы да басқа қажетті материалдарды сатып алып, қолөнер студиясын ашқан. Қазіргі таңда бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. Үш баланың анасы бұл жетістігімен шектелмей, алдағы уақытта қолөнер шеберханасын дамыту жоспарлары көп екендігін айтады.

Мемлекеттік грант - бұл жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін 400 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі бастапқы капитал.

Гранттар қаражаты ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, сондай-ақ жекелеген әлеуметтік санаттарға жататын адамдарға өз бизнес әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Гранттар келесі бағыттарда қолдану үшін беріледі: қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малдарды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу.

Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.

Ерлі-зайыптылар отбасылық наубайхана ашты
Заманауи сұранысқа сай кәсіп ашқан Айдын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу