«Бастау-Бизнес» жобасы түлектерінің грант алуға мүмкіндіктері көп

Oinet.kz 18-11-2022 288

image.png

Еліміздің үшінші мегаполисінде  азаматтарды кәсіпке баулып және өз ісін дөңгелетуге берілетін қайтарымсыз грант беру жалғасуда.  «Шағын несиені 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобаларға 7 жылға дейін беруге болады. Несиенің ең жоғары сомасы – 8 мың АЕК (23,2 млн теңге). Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%. Бұл ретте, МҚҰ «Бастау Бизнес» жобасының түлектерінен микронесие беруге байланысты комиссиялық алымдарды, алымдарды немесе басқа да төлемдерді алмайды. Жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін шағын несие алу үшін бизнес түрлеріне ешқандай шектеулер жоқ. Негізгі кепіл ретінде уақытша өтеулі қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығынан басқа кез келген жылжымайтын мүлік бола алады. Бұл ретте негізгі қамтамасыз ету құнының үлесі кепілдің жалпы құнының кемінде 70 пайызын құрауы тиіс», - дейді «Шымкент-Атамекен» МҚҰ директоры Бауыржан Пернеев.

Сонымен қатар, несие берушінің шешімі бойынша қарыз алушыларға микрокредит беру мерзімінің үштен бірінен аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу және сыйақы бойынша жеңілдік кезеңін алу мүмкіндігі бар.

МҚҰ ұсынылған құжаттар тізбесі негізінде бизнес-жобаны бағалайды, одан кейін микрокредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды. Соңғы қарыз алушыларды несиелеу туралы шешімді МҚҰ дербес қабылдайды.

МҚҰ директоры атап өткендей, жаңа микроқаржы ұйымы алғашқы өтінімдерді қабылдауды бастады. Бірақ МҚҰ тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы несиелерін өтеуге, қарыздарын қайта қаржыландыруға, тұрғын үйлерді, жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін сатып алуға несие бермейді.

Құжаттарды жинауға және несие алуға өтінішті толтыруға Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері мен бизнес-тренерлері көмектеседі.

Еске салайық, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды «Атамекен» АЭС «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Небәрі 4 жылдың ішінде «Bastau Business» жобасы бойынша 150 мыңнан астам адам оқып, Қазақстанда 44 мың бизнес-жобаны жүзеге асырған. Нәтижесінде 60 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. АЭС өткен жылдардағы оқуға қатысушылардың бизнес жобаларына мониторинг жүргізіп, кәсіп ашқан студенттердің 93 пайызы тұрақты негізде салық төлейтінін анықтады. 2017-2019 жылдар аралығында бұл 1,4 миллиард.

Шымкентте шағын кәсіпкерлікті дамытуға 1,5 миллиард теңге бөлінген
Шымқалада бірнеше сала бойынша өнім көлемі артқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу