Шымқалада бірнеше сала бойынша өнім көлемі артқан

Oinet.kz 18-11-2022 265

image.png

«Ең алдымен еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу қажет. Экономикалық саясатымыздың мақсаты — айқын. Бұл — заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономика құру және дамыту». Бұл  мемлекет басшысы  Қ.Тоқаевтың биылғы жылдың басында Халыққа арнаған Жолдауында айтқан сөзі. Президенттің тапсырмасына орай өңірлерде экономиканы дамыту, шағын және орта кәсіпкерлік саласын ілгерілету мақсатында көптеген шаралар атқарылуда. 

Осы орайда үшінші мегаполисте экономиканы өрлететін, импорттық тәуелділікті азайтып, отандық тауарөндірушілерді қолдайтын бірнеше бағдарламалар мен жобалар қабылданып, сәтті жүзеге асырылуда.

Мамандардың мәліметінше Шымкент қаласында  қазіргі таңда 95,5 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Оның ішінде  заңды тұлғалар – 19,0 мың бірлік, жеке тұлғалар – 72,4 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 4,0 мың бірлікті құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңіне бұл көрсеткіш 35,4 %-ға өсім көрсетті. Бұл көрсеткіш бойынша өсу қарқыны жағынан бірінші орында, ал саны бойынша бесінші орында.

 Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мамандарының дерегі бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 179,9 мың адам жетіп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,4 %-ға өскен.

Ал үшінші мегаполисте  өнім көлемі бойынша  ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 317,3 млрд  теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,1 %-ға артқан. Биылғы жылдың қаңтар-наурызында шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 36,2 %  құраған.

Шаһарда өнім көлемі артқан бірнеше саланы атап өтуге болады. Ең бірінші кезекте қарқынды жүріп тұрған өнеркәсіп жиһаз өндіру саласы болып тұр. Одан кейінгі орынға химия өнеркәсібі, сосын  резина және пластмасса бұйымдарын шығару, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру және негізгі фармацевтикалық өнімдер мен жеңіл өнеркәсіп, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру, тамақ өнімдерінің өн­дірісі тұрақтайды. Республикада өндіріле­тін мақта маталарының  96,6%, мақта майының 93,3%, көміртегі диоксидінің  66,5%, шұлықтың 60,8 пайызы, дәрі-дәрмектің 35,4%, цемент клинкерінің 20,4 % және портландцементтің  22,3 %, макарон өнімінің 17% Шымкент қаласының үлесінде.

«Бастау-Бизнес» жобасы түлектерінің грант алуға мүмкіндіктері көп
Үшінші мегаполисте іскер әйелдердің қатары көбеюде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу