Үшінші мегаполисте іскер әйелдердің қатары көбеюде

Oinet.kz 18-11-2022 285

image.png

Қазіргі таңда әйелдер қауымы білім, денсаулық, кәсіпкерлік, тіпті саясатта да белсенділік танытып, елдің дамуына, гүлденуіне өз үлесетерін қосып келеді. Мұндай жетістікке жеткен нәзік жандылар Шымкент қаласында да көп. Шаһарда әсіресе, бизнес саласында өз орнын тауып, кәсібін жүргізіп әрі қаланың экономикасының өрлеуіне септігін тигізіп отырған әйелдердің қатары артып келеді.

Шымкент қаласы бойынша Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаеваның айтуынша, Шымкентте белсенді, бастамашы әйелдер жеке бизнес-жобаларын көптеп құрап, жаңа идеяларды іске асыруға ұмтылып келеді, өздерінің позитивті әрі жасампаз энергияларын қала экономикасының жақсаруына бағыттап жатыр. Әйелдер білім беру, медицина объектілерін табысты басқарады, ауыл шаруашылығымен айналысуда, бірақ көбіне олар қызмет көрсету, сауда, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде кәсіп жүргізеді.

«Атамкен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова оңтүстік қаладағы әйелдер кәсіпкерлігі белсенділігінің артып келе жатқанын айтып, жергілікті бизнес ханымдардың әлеуметтік портретіне сипаттама берді.

«Шымкенттің әйелдер кәсіпкерлігі қаланың жалпы ішкі өнімінің 40 пайызын қамтамасыз етуде! Дәл қыз-келіншектер Шымкенттегі бизнес-қоғамдастықтың 42 пайызын құрап отыр, және осындағы дамуға қажетті әлеует осы сандармен шектелмейді, оның ауқымы кең. Қалада шағын және орта бизнесті әйелдер белсенді ілгерілетуде. Олар аздан бастап, қалаған межеге қол жеткізіп, жаңа мүмкіндіктерді іздеп ары қарай ұмтылып жатыр»,- дейді ол.

Айта кетейік, Шымкент қаласында қарқынды жүзеге асып жатқан ауқымды жобалардың бірі — «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы. Осы жоба аясында «Іскер қала» бағдарламасының қатысушыларына қолдау көрсетілуде. Егер, жастарға және әйелдерге 10 миллион теңгеге дейін 1 пайызбен несие берілсе, өндірістік парк қатысушыларына және ауылшаруашылық кооперативтеріне 50 миллион теңгеге дейін 2 пайызбен несие беріледі. 

Мамандардың дерегінше қалада жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін 1 пайызбен 10 миллион теңгеге дейін, өндірістік алаңдарының қатысушыларына жылдық 2 пайызбен 50 миллион теңгеге дейін жеңілдікпен несиелер ұсынылуда. Бүгінгі таңда, жыл басынан 333 миллион теңгеге 37 жобаға жеңілдетілген несиелер берілді. 

Шымқалада бірнеше сала бойынша өнім көлемі артқан
Іскер әйелдер форумда бас қосты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу