Шайбалы хоккейден республикалық турнир басталды

Oinet.kz 20-11-2022 341

image.png

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары нысаналы индикаторларымен ерекшеленеді. Соның ішінде спорт саласы бойынша белгіленген жоспарды орындау 4 бағытта жүргізіледі. Ең алдымен Шымкент қаласы әкімдігінің алдында дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтардың санын жалпы халықтың 50 пайызына дейін жеткізу мақсаты тұр. Бұл бойынша 2022 жылғы меже 35,9 пайыз болса (396 336 адам), нақты іске асырылғаны – 36.2 пайызға (402544 адам) жеткен. Яғни жоспар артығымен орындалды деген сөз. Сонымен бірге қалалық дене шынық­ты­ру және спорт басқармасына бар­лық спорт кешенінде ересектер мен ерекше күтімді қажет ететін балаларға спортпен айналысуға жағдай жасау жөнінде тапсырма жүктелген. 2022 жылға бекітілген жоспар (6 нысан), бүгінде 53 пайызға орын­далып отыр.

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының  мәліметінше  спорттық инфрақұрылымды дамыту, жоғары жетістіктер, бұқаралық спортты дамыту бағытында ілкімді жұмыстар жүзеге асырылды. Үшінші мегаполис – салауатты өмірге бет түзеген шаһар. Жыл басынан бері қала спортшылары әлемдік сайыстарда олжа салып, шаһарда көптеген бұқаралық іс-шаралар және ҚР чемпионаттары, халықаралық турнирлер ұйымдастырылды.

Сондай шаралардың бірі жақында Шымкенттегі Мұз сарайында өтті. Нақтырақ айтсақ шайбалы хоккейден 2014 жылы туған жасөспірімдер арасында Республикалық турнир басталды. 

21-24 қараша аралығына жоспарланған дәстүрлі сайысқа 8 команда қатысады. Жалпы спортшылар саны – 153. 

Шымкент қаласының «Торнадо» командасы жарыста сәтті өнер көрсетуде. Жерлестеріміз жүлделі орындардан үмітті.  

Турнир кестесі мынадай: 

1. Барыс (Астана) 

2. Торнадо (Шымкент)

 3. Алга (Бишкек) 

4. Медведи (Алматы) 

5. Юность-3 (Караганды) 

6. Бригантина (Астана) 

7. Олимп (Актобе) 

8. Алма-Ата ( Алматы).

Жол – экономиканың күретамыры
Әдемі Серікбай – әлем кубогының қола жүлдегері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу