Жол – экономиканың күретамыры

Oinet.kz 19-11-2022 262

image.png

Көлік жолдарын жақсарту арқылы еліміздің транзиттік және логистикалық әлеуеті,  сауда-саттық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сапасы көтеріліп, халыққа көрсетілетін қызметтерге кедергісіз қол жеткізілетіні анық. 

Осы орайда үшінші мегаполисте жолға қатысты 190 нысанда орташа жөндеу жүргізілуде. Бұл жұмыстар жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кептелістерді азайту, жалпы қаладағы жол жағдайын жақсарту мақсатында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан атқарылуда.

Атап айтқанда Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы көпір құрылысы аяқталды, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы, Қонаев даңғылын ұзарту жобасының 1, 2, 3, 5 және 6-кезеңдері, Оңтүстік, Шығыс айналма жолы, Самал-1,2,3 кезеңдері, Өтегенов көшесін жөндеудің 1, 2-кезеңіндегі құрылыстар қарқын алған.

Жалпы саны 308 магистралды және ішкі орам көшесінде орташа жөндеу басталып, қазіргі таңда 303 көшедегі жұмыс аяқталды. Республика даңғылы, Рысқұлов, Іляев, Тәшенов, Ақназар хан, К.Цеткин, Жолан батыр, Дулати, Мангелдин, Тоқаев көшелері жөнделіп, тұрғындар игілігіне берілді.

Шаһар аумағында биыл бірнеше нысанда күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Ақжайық, Тассай, Азат, Нұртас шағынаудандарындағы жалпы 17 көше күрделі жөнделді. Сонымен қатар Кремлёвская және Атасу көшелеріндегі Қошқар ата өзенінен өтетін 2 көпір күрделі жөнделіп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар шағынаудандар мен тұрғын алаптардағы жалпы ұзындығы 122,7 ш жолға шағал тас төселді. 

Қалада  алдағы жылдары қанағаттанарлық автомобиль жолдарының үлесі 70-80 % артады. Бұл көрсеткішке жету үшін 2025 жылға дейінгі көлік инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспары бекітілген. Осының негізінде жалпы 563 жоба қарастырылған.

Жол қаланың күретамыры сияқты. Адам ағзасындағы тамырмен қан қалай еркін айналса, сол секілді қозғалыс еркін жүретіндей етіп жолды да кеңейтіп отыру керек. Себебі, көлік қозғалысы қиындаса – қала тіршілігінің ырғағы да, мегаполис экономикасының негізі де тұралап қалады. 

Ұлы Жібек жолының бойынша орналасқан Шымқала бүгінде көрші Өзбекстан мен республиканың бірнеше облыстарымен жалғанып жатқан  ірі шаһар.  Сондықтан  қаланың логистикалық әлеуетін арттыратын күре жолдардың мәселесі күн тәртібінен түспек емес. 


Открытый диалог. Бизнес-омбудсмен пообещал предпринимателям поддержку
Шайбалы хоккейден республикалық турнир басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу