Инвестициялық жобаларға бай қала

Oinet.kz 19-11-2022 297

image.png

Шымкентте 2022-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 2,6 трлн теңгеге бағаланған 242 инвестициялық жобаның базасы жасақталған. Соның нәтижесінде алдағы үш жылда 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

2022 жылы құны 159,7 млрд теңгені құрайтын 50 инвестициялық жоба іске асырылып, 2500 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған болатын. Сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында биыл қала аумағында 52,8 млрд теңгеге 1043 жұмыс орны қарастырылған 16 жоба іске қосылатын болады. Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы инвестицияларды тарту бөлімінің басшысы Ермек Тұрматовтың мәлімдеуінше бүгінге дейін 26,5 млрд теңгеге 3 инвестициялық жоба іске асып үлгерді. 215 жаңа жұмыс орны құрылған. Инвестиция тарту мәселесі  қаланы дамыту жоспарында бір сәт те назардан түскен емес. Қ.Тоқаевтың дайын өнім өндірісін ұлғайтуға байланысты тапсырмасы нақ осы инвестицияның арқасында жүзеге асатыны аян. Сондықтан жергілікті әкімдік осы салаға ерекше мән беріп бұл бағытта алға қарай дамудың нақты қадамдарын үйлестіріп отыр.

Соның бір айғағы қалада инвестициялық штаб жұмыс істейді. Штабтың әрбір отырысында қаланың экономикасына қаржы құя алатын қалталы азаматтардың мүмкіншіліктері қаралып, жол-жөнекей кездескен кедергілер талқыланады.

Шымкенттің өсіп-өркендеуіне осы инвестициялық әлеует өзінің оңды әсерін тигізді. Жергілікті және шетелдік капиталды қаланың өндірісіне, инфрақұрылымына тарту үшін бизнес өкілдеріне барынша жайлы жағдай жасалуда. Соның ішінде мысалға «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-кеңсесін келтіруге болады. «Бір терезе» қағидасымен жұмыс істейтін бұл мекемеде кеңестер беріледі және құжат рәсімдеу бойынша қызметтер көрсетіліп, әкімшілік кедергілерді жою, сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін түрлі жұмыстар атқарылады.

«2020 жылы Шымкентте 37,5 млрд теңгенің 22 инвестициялық жобасы іске асырылды. Былтыр 16 млрд теңгеге 15 жоба іске қосылды. Орталық Азияда теңдесі жоқ жобаға «Алюминий банкілерінің өндірісін» жатқызуға болады. Сондай-ақ қала экономикасы үшін маңызды жобалардың бірі «Standard Steel KZ» ЖШС. Осы жобаның арқасында бұрынғы қорғасын зауыты аумағындағы қорғасын қалдықтары тазартылып, қаланың экологиясын жақсартуға үлкен септігін тигізеді, - деді Е.Тұрматов.

«Бал Текстильдің» IV жобасы жүзеге аспақ
Инвесторға қолайлы мекен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу