Жаңбыр суларын сору жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде

Oinet.kz 19-11-2022 237

image.png

Қоршаған ортаны қорғауда табиғаттың барлық жаратылысын қамқорлыққа алып, зиян шекпеуін қадағалау өте маңызды. Соның ең бастыларының бірі – су. Өйткені, адамның және барлық тіршілік иесінің өмір сүруіне қажетті нәрсе ауамен қатар су. Тәжірибе жасаған зерттеушілер адам бірнеше ай бойы тамақсыз өмір сүруі мүмкін, бірақ сусыз бірнеше күннен артық өмір сүре алмайды деген қорытынды жасаған. Жалпы судың қадірін білетін адамзат баласы «су – бұл өмір» деп әспеттейді. Таза су адамның салауатты өмір сүруінің басты шарттарының бірі, ал ол ластанған жағдайда қоршаған орта мен адам баласы үшін өте қауіпті. Әлемдегі беделді ғалымдар болашақта ішуге жарамды таза, тұщы су барған сайын тапшы және қымбат өнімге айналады деген болжам жасаған. Сондықтан еліміздегі қоршаған ортаны қорғау саласында өзен-көлдерді, жалпы су көздерін қорғауға, тазалығын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.

Елімізде жыл он екі ай бойы су көздерінің тазалығы жауапты мекемелердің назарынан тыс қалмай жіті қадағаланады. Әсіресе көктемнің алғашқы күндерінен бастап және күздің күндері өзен-көлдердегі сулардан сынама алып, тазалығын тексеру жұмыстары қызу жүре бастайды. Өйткені дәл осы екі мезгілде жауын-шашын көбейеді. Жауынның сарқынды сулары бұл жер асты сулары мен, өзен-көлдерді ластаушы фактор болып табылады.

Шымкентте бір аптадан бері жаңбыр  толастар емес. Қазіргі таңда  Абай, Еңбекші, Әл-Фараби аудандары бойынша су басқан бірнеше көшелерде су сору жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.

Жауынның салдарынан және жер асты сулары көтеріліп, жоғарыда айтылған мекенжайларды су басу қауіпі анықталған. Осыған байланысты шаһар басшысы М.Әйтенов аталған аймақтарға арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарды жіті бақылап шықты.

Қала әкімі аудан басшыларына жағдайды үнемі бақылауда ұстап, аталған нүктелерде су тарту жұмыстарын дер кезінде жүргізіп отыруды тапсырды. 

Қазіргі уақытта мердігер мекемелер мен сала мамандары тарапынан тиісті жұмыстар үздіксіз атқарылуда. Атап айтқанда, су тарту жұмыстарына Абай ауданы бойынша 15 техника, 3 мотопомпа, 30 жұмысшы, Әл-Фараби ауданы бойынша 9 техника, 5 мотопомпа, 25 жұмысшы, Еңбекші ауданы бойынша 7 техника, 4 мотопомпа, 1 электронасос 30 жұмысшы жұмылдырылып отыр. Қаладағы жағдай шаһар басшысы мен тиісті сала мамандарының тікелей бақылауында. 

Ауа тазалығы басты назарда
Шымкентте су басуы мүмкін аумақтар бақылауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу