Шымкентте су басуы мүмкін аумақтар бақылауда

Oinet.kz 19-11-2022 224

image.png

Жаңбырдың жаууы қоршаған ортаға пайдасымен қатар зиянын да тигізіп жатады. Пайдасы сол жаздың күні аптап ыстықты басып, ауаны салқындатса, екіншіден жаңбыр суы қаншанда шөптің көктеп, ағаштардың табиғи өсуіне жағдай жасайды. Алайда қазіргі технология дамыған, өндірісі құлаш жайған заманда айналамызды химиялық заттар жаулай бастады.  Судың ластануы – суды тұтынатын организмдерге жағымсыз және деструктивті әсер ететін су сапасының кез келген химиялық, физикалық немесе биологиялық өзгерісі. Пестицидтер мен топыраққа байланысты химиялық заттар жаңбыр суымен шайылып, топыраққа сіңеді, осылайша жер асты суларын ластайды. Міне, осы секілді химиялық және өзге де заттар жаңбыр жауғанда жаңбыр суымен шайылып, өзен-көлдерге құйылады және жер асты суларына қосылып жатады. Ал, бұл өзен-көлдердің сапасын нашарлатып, саып келгенде экологияны бұзады. 

Осы ретте еліміздің түпкір-түпкіріндегі экология департаменттері аймақтағы өзен-көлдердің тазалығына баса назар аударып, ластауға жол бермеу үшін барлық жағдайды қарастырып жұмыс істеуде. 

Шымкентте  жауын шашын мөлшерінің көптігіне байланысты су алу қауіпінің деңгейі мен су көздерінің ластануы  тиісінше жоғарылауда. Сол себептен Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының қадағалауымен "Build stroi" және "Жасыл жер" мердігер мекемелері аумақтардағы су алу қауіпін болдырмау мәселеселелері бойынша өз жұмыстарын атқарып жатыр.

Су тасып кету қауіпінің алдын алу мақсатында "Build stroi" мердігер мекемесінен - 11 су көлігі, 1 камаз ассенизатор, 3 газ-53, 15 мотопомпа және 8 бригада (32 жұмысшы), сонымен қатар "Жасыл жер" мердігер мекемесінен - 13 су көлігі, 6 мотопомпа, 1 асенизатор, 27 жұмысшы жұмылдырылды.

Қазіргі таңда су алу қауіпінің алдын алу шаралары жүргізіліп, ирригациялық жүйелер мен су арналары Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының жіті бақылауында.

Жаңбыр суларын сору жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде
«Шымситиге» 5570 түп ағаш көшеттері отырғызылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу