«Шымситиге» 5570 түп ағаш көшеттері отырғызылды

Oinet.kz 20-11-2022 397

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы әзірленгені мәлім. "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы халықтың өмір сүруіне қолайлы орта құруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Оның ішінде атмосфералық ауа сапасын жақсарту, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен тиімді жұмыс істеу, суды тиімді және ұқыпты пайдалану, Балқаш көлі мен Солтүстік Арал теңізінің экожүйелерін сақтау, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлері мен ихтиофаунаның санын ұлғайту, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру, жасыл екпелер алаңын ұлғайту, табиғат пен жануарлар дүниесіне ұқыпты қарауға дағдыландыру арқылы биологиялық әртүрлілікті сақтау, сондай-ақ халықтың экологиялық санасын жаңғыртуға баса мән беріледі.

Жоба 2021-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі 1 413 126,354 млн теңгені құрайды. Барлығы 61043 жұмыс орны құрылады, оның ішінде 830-ы тұрақты  болса, 60213 уақытша қызмет атқарады.

"Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы 4 бағыттан және 11 міндеттен тұрады. Жобаның  үшінші бағыт бойынша ұласып өсуі кемінде 65 пайызды құрайтын 2 миллиард ағаш отырғызу, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлардың санын қалпына келтіру шараларын жүргізу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру көзделіп отыр. Соның ішінде Шымкент қаласында жылына 20 мың ағаш отырғызу жоспарланған. 

Жоспарға сәйкес Шымкент қаласының Қаратау ауданында орналасқан "Шымсити" мөлтек ауданында демалыс күндері 5570 түп ағаш көшеттері отырғызылды.

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының "Жасыл белдеу КММ-сі" бастаған "Жасыл қала" акциясы аясында Қаратау аудан әкімдігі мен "Шымсити" қалашығының тұрғындары ағаш отырғығызуда белсенділік танытты. Мұнда көпшілігі: үйеңкі, гледичия, жабайы өрік және жиде секілді ағаш көшеттерінің түрлері отырғызылды.

Келер жылы Қаратау аудан әкімдігімен отырғызылған ағаш көшеттері үшін аталған мөлтек ауданында ұңғымалар қазу жоспарланып отыр.


Шымкентте су басуы мүмкін аумақтар бақылауда
В Шымкенте объявлен прием заявлений в реестр субъектов социального предпринимательства
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу