«1000 сауда нүктесі» жобасының қатысушылары бизнесін табысты жүргізуде

Oinet.kz 19-11-2022 245

image.png

Шымкент қаласындағы қолға алынған  ауқымды жобалардың бірі – «1000 сауда нүктесі» жобасы. Жоба 2020 жылдың  мамыр айында жүзеге асырыла бастады. Жобаға сәйкес қала аумағында кәсіпкерлерге байқау негізінде сауда және қызмет көрсетуге арналған киоскілер немесе дүңгіршіктер орнатуға жер телімдері беріледі.

Осы ретте 2021 жылы Ағабекова Марал Жаңабайқызы тұлғасында "NM" ЖК басшысы «пиротехника дүкенін» ашуға және Нахипов Олжас Габидинович тұлғасында «Нахипов» ЖК басшысы, «гүл дүкенін» ашуға «Shymkent» Әлеуметтік-кәсіпкерлік» Акционерлік қоғамының «1000 сауда нүктесі» жобасы бойынша конкурсқа қатысып жер телімдерін жеңіп алған болатын. Мониторинг тобымен бірлесе отырып, көше саудасы және/немесе қызметтер көрсету объектілерін орналастыруға арналған жер учаскелерін сенімгерлік басқаруға беру туралы ережесінің талаптарының сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда кәсіпкер "NM" «пиротехника дүкенін» ашып және кәсіпкер «Нахипов», «гүл дүкенін» ашып кәсіпкерлердің бизнесі табысты дамып келеді. 

Жалпы «1000 сауда нүктесі» жобасының ауқымын индустриялды жобамен салыстыруға болады. Мәселен, кәсіпкерлерге 1000 сауда нүктесі берілетін болса, қалаға кем дегенде 3 млрд. теңге инвестиция тартылды деуге болады, кем дегенде 2000 тұрақты жұмыс орны ашылмақ.

Жер телімдері кәсіпкерлерге қолайлы шарттармен ұсынылатын болады. Атап айтқанда кәсіпкер жылына шаршы метріне 21 141 теңге төлейді. Сауда нүктелерінің көлемі 6-40 шаршы метр аралығы, яғни орта есеппен сауда нүктесінің бағасы жылына 400-500 мың теңгені (айына 35-40 мың теңге) құрайды. Жер учаскесін пайдалану мерзімі – 10 жыл. Кәсіпкерге қойылатын басты шарт – нысан жеңіл конструкциядан салыну қажет және кәсіп түрі бизнес-жоспарға сәйкес болуы тиіс.

Байқауға шығарылатын жер телімдері «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының ресми сайтында (www.openspk.kz) тұрақты түрде жарияланып тұратын болады (шамамен айына 1 рет). Өтінім білдіру үшін кәсіпкерлер «Shymkent Invest» кәсіпкерлерге және инвесторларға арналған үкімет» фронт-офисіне жүгіне алады.

129 ағаш заңсыз кесілген
«NURTAU distribution company» ЖШС жылына 3 тонна тұрмыстық химиялық заттар өндіреді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу