«NURTAU distribution company» ЖШС жылына 3 тонна тұрмыстық химиялық заттар өндіреді

Oinet.kz 19-11-2022 264

image.png

Шымкент қаласындағы ЖШС "Nurtau Distribution Company" нарықта 2016 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазіргі таңда тұрмыстық химия шығаратын зауыты қаладағы  "SILKWAY ALLIANCE" өнеркәсіптік паркте орналасқан. Тұрмыстық химия өндірістік қуаты жылына- 1000 тоннаны құрайды. Өнімдері кір жууға арналған ұнтақ, сұйық сабын, қатты сабын, әйнек сүртетін сұйықтық "Glory", "Bars" сауда белгілерімен шығарылады. Барлық шығарылатын өнімдер мен бұйымдар Қазақстан Республикасының базарлары мен сауда нүктелерінде сатылады.

Кәсіпорын «Іскер қала» жобасы аясында 633 шаршы метрді алып отыр.  «Біздің кәсіпорын үйге қажетті тұрмыстық химиялық өнімдерін шығарады. Оның ішінде ыдыс жууға арналған суық гель, қатты түріндегі жуғыш құрал, кір жуғыш ұнтақтар, сабын, әйнек жуғыш құралдар, киім ағартқыш құралдары тағы да басқа өнімдер өндіреміз. Қазақстанның барлық аймақтарына таралуда, одан бөлек өнімдерімізді шетелге экспорттап отырмыз. Оның ішінде Өзбекстан, Қырғызтан, Тәжікстан және Ресейге жөнелтеміз. Күніне 2,5 және 3 тоннадай өнім шығарамыз. Барлық тауар стандартақ сай, сапасы жоғары»,- дейді кәсіпорнынның инженері Асқар Төлеев. 

Жалпы «NURTAU distribution company» кәсіпорнында ай сайын кәмпиттің 2 түрі (140 тонна), сағыздың 10 түрі (120 тонна) Mexsi, Zygzag, Reika, Flаshgum, Bibo, Diamond тауар белгілерімен шығарылуда. Мұнда 130-ға жуық адам жұмыс істейді. Ал шикізаттың 70  пайызы өзімізден, қалған 30 пайызы шетелден әкелінеді. Кәсіпорындағы құрылғыларымыздың дені автоматтандырылған. Бұл жұмысшылардың жұмысын жеңілдетеді.  

«NURTAU distribution company»  мемлекет қолдауына сүйене отырып, отандық тәттілер мен сағыз шығаруды қолға алған бірден бір компания. Пандемия етектен тартып, көрінбейтін жаумен күрес жүріп жатқанда бұл компания «Даму» қорының сүйемелдеуімен «АТФ Банктен» 6 пайызбен несие алып, ісін бастаған.  Кейіннен «Қарапайым заттар экономикасы» аясында өндірістік қуаттылығын арттырған. 

   Мамандар осы кәсіпорын секілді өз ісін бастағысы келетін кәсіпкерлерге, өндіріс орнын таппай жүрген немесе базар жағалап жүрген бизнес өкілдерін «Іскер қала» жобасына қатысып, "SILKWAY ALLIANCE" өнеркәсіптік паркте бизнесін заңды түрде жалғастырыпәрі әкімдіктің қолдауын сезіне отырып, жұмыс істеуге шақырады.  

«1000 сауда нүктесі» жобасының қатысушылары бизнесін табысты жүргізуде
Еріктілер 3000 мың қара тал көшетін отырғызды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу