Қоныс аударушыларға қолдау көп

Oinet.kz 01-11-2023 140

image.png

Созақ ауданының  әкімі  Мұхит Тұрысбеков жақында  "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері"   ұлттық жобасы шеңберінде Павлодар облысынан арнайы келген жұмысшы топ өкілдерін қабылдады.  Қабылдау барысында арнайы келген делегация көшуге ниетті азаматтарға көші-қон бағдарламасы мен бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, қоныс аударудағы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу мақсатында келгенін айтып өтті. Аудан басшысы жауапты сала мамандарына жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару арқылы азаматтарды жұмыспен қамту мәселесін жан-жақты қарау керектігін айтып өтті. 

Жұмысшы топ құрамында: Павлодар облысы, Ертіс ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Аралбаева Бақыткүл; Слета ауылдық округінің әкімі Ғабиболла Жактайұлы; Северный ауылдық округі әкімі Бәкібай Сейсенбайұлы;  Ертіс ауданы Мансап орталығының маманы Жанагүл Өмірзаққызы;  Шабақты ауданы, Шалдай ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Гүлдана Қайргелдіқызы болды.

Айта кетейік, өткен жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру аясында жұмыс орны тапшылығы байқалатын өңірлерден 7 923 адам өз еркімен қоныс аударды. Оның ішінде 1 320 қандас және 6 603 қоныс аударушы бар. Барлық қоныс аударушыға тиісті деңгейде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, ұлттық жоба аясында қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Атап айтқанда, бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде көшуге арналған субсидия беріледі, сондай-ақ отбасы мүшелерінің санына және елді мекенге байланысты 12 ай ішінде 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі көлемде тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ай сайынғы субсидиялау, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу және жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу сияқты шаралар қарастырылған.

2022 жылы қоныс аудар¬ған¬дардың ішінде 3 652 адам еңбекке жарамды, олардың 2 811-і тұрақты жұмысқа орналас¬ты¬рыл¬ған. Біржолғы субсидиялар 7 622 қатысушыға төленді, ал 5 633 азаматқа тұрғын үй шығыстары субсидияланады.

Бұған қоса өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір жұмыскер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға бір¬жолғы субсидия беріледі.

Жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланған мұндай азаматтардың көбінің өмірінде оң өзгерістер байқалады. Бұрын жұмыссыз жүрген жұрт басқа өңірде еңбекке араласып, нәпақасын тауып жүр.

Көші-қон комитеті мамандарының айтуынша, қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасы 8 652 адам¬ды құрайды. Оның 1,9 мыңы қандастар үшін, ал 6,7 мыңы қоныс аударушылар үшін көзделген.

Аталған жоба 2021 жылдан бері жұмыс жасайды. Жалпы Түркістан өңірінен 2015 жылдан 2022 жылға дейін 11 892 адам қоныс аударып үлгерген. Мамандардың айтуынша өткен жылғы көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда 3 есеге ұлғайған. 

Көші-қон мәселесін оңтайлы шешу жолдары да жеңілдетілген. Қазіргі таңда жоба арқасында өзіңіз қалаған облысқа қоныс аударуға өтініш беру үшін Электронды еңбек биржасының ресми сайтын пайдалсаңыз болады. Сайтта құжаттар қабылдау бүгінгі күндері де тоқтаусыз жүргізілуде. 

Осы ретт 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын іске асыру аясында биыл ішкі қоныс аударушылар үшін жаңа тетік – тұрғын үй сатып алу үшін материалдық көмек алуға мүмкіндік беретін экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілгенін айта кетейік, . Бүгінгі таңда сертификаттар 583 отбасына берілді,

Сертификат бір рет өтеусіз және қайтарымсыз негізде тұрғын үй құнының 50 пайыз немесе бір отбасына 4 миллион  теңгеге дейін беріледі.

Материалдық көмек Ұлттық банк бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Үкімет бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алу кезінде тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесі нысанында ұсынылады.

Тұрғын үйді меншікке сатып алу үшін сертификат алдын ала шарт немесе тұрғын үйді сатып алу-сату шарты болған кезде беріледі».

Тұрғын үй салу кезінде сертификат ҚР Жер және басқа да заңнамаларына сәйкес жеке тұрғын үйлер салу үшін меншігінде жер учаскелерінің болуын ескере отырып беріледі.

Сертификатты тұрғын үй сатып алу кезінде бастапқы жарнаның бір бөлігі ретінде пайдалану үшін екінші деңгейдегі банктен тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы хат ұсыну қажет. Бұл ретте экономикалық ұтқырлық сертификаты келу өңіріндегі тұрақты тұратын елді мекенде ғана тұрғын үй сатып алу үшін беріледі.

Шаруалардың еңбегі еленді
Жазасын өтегендерге де жұмыс бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу