Балаларға жан шуағын сыйлады

Oinet.kz 15-11-2023 875

image.png

Созақ ауданы Жартытөбе ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен Жартытөбе ауылдық клубында "Жан шуағы" атты мерекелік кеш өтті. Шара барысында ауылдық округтің үздік өнерпаздары, ауданның белгілі әншілері және ертегі аниматорлары өнер көрсетіп, көрермен көңілін шаттыққа бөледі. Сонымен қатар, өмірдің қиындығына мойымай әр таңын күліп атырып, бойларына өнер дарыған мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, ұйымдастырылған түрлі ойындарға белсене қатысып сый-сияпаттармен және белсенді қатысушылар ауылдық округ әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды. Өнерпаздардың керемет әндері көрермендердің шабытын оятып, ортада би билеп, керемет сезім сыйлады. Бала жастан мүмкіндігі шектеулі балаларға С. Какимовтың демеушілігімен арнайы сыйлықтар табысталды.

Қауіпсіздік шаралары түсіндірілді
Бәрі де балалар үшін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу