Бәрі де балалар үшін

Oinet.kz 07-11-2023 139

image.png

Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» КММ-нің «Күндізгі қатынау және әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу» бөлімшесінің қарамағындағы қызмет алатын балаларға «Алтын күз» тақырыбында ертеңгілік іс-шара өткізілді. Онда бөлімше меңгерушісі Сәбит Шынәлиев және «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Смахова Бақыт  ашып,  балаларды мерекелерімен құттықтады. Іс-шараға қызмет алатын балалардың ата-аналары мен әлеуметтік қызметкерлер қатысып, балалардың өнерлерін тамашалады. Бұрын осы бөлімшеден қызмет алған Өмірзақ Нұрқанат, Темірәлиева Айнұр, Бекен Айсұлтан қонаққа келіп өз өнерлерін көрсетіп ән шашуын тарту етті. 

Кәсіпкер Жақсыбергенов Райымбек ертеңгілік шараға арнайы жеміс-жидек киімдерін алып берсе, «Жүрсін» сауда орталығы тәттілер таратып балалардың көңіліне қуаныш сыйлады. Іс-шараға қатысқан ата-аналар, ұйымдастырған бөлімше қызметкерлеріне өз алғыстарын айтып тарқасты.

Балаларға жан шуағын сыйлады
Созақта жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселесі талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу