Созақта жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселесі талқыланды

Oinet.kz 01-11-2023 77

image.png

Замана көшіне ілесіп, жаңа даму мен өркендеу жолына түскен Созақ ауданында атқарылып жатқан істер тізбегі жетерлік. Түркістан облысының маңызды аудандарының бірі саналатын атаулы өңірдің аяқ алысы жаман емес. Қашанда өз бет-бейнесін, жаңа келбетін қалыптастыру жолында нақты қадамдар жасалынып, тыңғылықты жұмыстар атқарылуда.

Жақында Созақ аудандық мәслихатының кезекті жетінші сессиясы өтті. Оған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудандық мәслихат төрағасы, депутаттар, ауыл кент округ әкімдері, ардагерлер мен бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев жүргізіп отырды. Сессияның күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков атқарған жұмыстары жайында баяндама жасады. Аудан аумағында іске асып жатқан жобаларға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінің басшысы Нұралы Айдаров пен Құмкент ауылдық округінің әкімі Ерзат Балықбаевтың есебі тыңдалды.

 Сондай-ақ аудан әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы Ұ. Шекеева, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы И.Айбатырова, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Әбенұлы, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Аманов күн тәртібінде қаралған мәселелері бойынша баяндады.

Жұмыспен қамтуға тоқталсақ, еліміздегі Ұлттық жобалар шеңберінде 2 655 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылып, жылдық жоспар 72 пайызға орындалған (оның ішінде: «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 130 жаңа жұмыс орны ашылу жоспарланып, бүгінгі күнге 60 жаңа жұмыс орны ашылды; «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жобасы бойынша 1281 жұмыс орны ашылу жоспарланып, 1241 жұмыс орны ашылды; 1371 адамды бос жұмыс орындарына жұмысқа жіберу жоспарланып, 8 айдың қорытындысымен 704 адам жолданды; ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» тапсырмасына сәйкес 714 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, 8 айдың қорытындысына сәйкес, 590 жаңа жұмыс орны ашылды).  Жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды.  2023 жылы 1 рет жәрмеңке өткізіліп, барлығы 24 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды.

Қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депуттары тарапынан тиісті шешімдер қабылданды.

Бәрі де балалар үшін
Етік тігу кәсібін меңгерген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу