Өңірді сапалы есік-тереземен қамтамасыз етіп отыр

Oinet.kz 03-09-2024 100

Сайрам9.jpg

Қазіргі таңда Түркістан облысында құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Облыс орталығының құрылғанына көп болмағандықтан, мұндай құрылыс жұмыстары барлық бұрышта жүруде. Әсіресе тұрғын үй салу зор қарқын алған. Себебі облыста тұрғысы келетін, жан-жақтан көшіп келіп жатқан халық саны көп. Осыған байланысты тұрғын үйге сұраныс та көп. Құрылысшылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында өңірде құрылыс тауарларын шығарып жатқан кәсіпорындар саны аз емес. Әсіресе Сайрам ауданында өз үйінен цех ашып, қажетті құрылыс өнімдерін жасап, құрастырып, шығарып жатқан жеке кәсіпкерлер жиі кездеседі. Себебі Сайрам ауданының халқы өте еңбекқор. Олар бастаған істерін соңына дейін жеткізбей қоймайтын қағілез. Олар бастаған істерін нәтиже шығаруға құмбыл.

Біраз уақыт бұрын Ақбұлақ ауылына қарасты «Сурайя» жеке кәсіпкерлігі «ЫРЫС» МҚҰ-нан жылдық 2,5 пайызбен «Ауыл Аманаты» бағдарламасының 6-шы бағыты бойынша Пластик терезе цехын ашу мақсатында 5 000 000 теңге несиеге қол жеткізген еді. Ол бұл ақшаны өзінің бизнес жобасын сәтті қорғап алды. Бүгінде ол бұл қаржыны толықтай игеріп, кәсібін кеңейтті. Әрине барлық кәсіп масштабқа шыққанды армандайды. Олар масштабқа шықса, алар тапсырыс да көбейіп, тауармен қамтитын өңірінің көлемі де артады. Осы арқылы олар шағын және орта кәсіпкерліктен ірі кәсіпорынға айналуға мүмкіндігі мол. Елімізде көптеген кәсіпкерлер шағын кездерінде-ақ банкроттыққа ұшырап жабылып жатады. Мұндайға жол бермес үшін Үкімет «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асырып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі шағын кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетіп отыр. Оның жемісін көріп жатқан кәсіпкерлер де аз емес.

«Сурайя» жеке кәсіпкерлігі бүгінде Ақбұлақ ауылында тұтастай бір отбасыны асырап отыр. Олар көршілерін де жұмыспен қамтып, ауылдың дамуына зор септігін тигізіп отырғандығы жасырын емес. «Сурайя» жеке кәсіпкерлігінде пластик терезенің ассортименті өте көп. Клиент өзінің қалағанына тапсырыс бере алады. Яғни клиенттің көңілінен, сенім үдесінен шыға білу басты назарда. Клиенттің риза болғаны – жеке кәсіпкерлік үшін үлкен мәртебе. Көңілі толған клиент олар туралы өздерінің таныстарына, жора-жолдастарына баяндайды. Нәтижесінде жеке кәсіпкерліктің мәртебесі биіктеп, ел ішінде абыройы артады. Соның арқасында оған тапсырыс берушілер саны артады. Тапсырыс артқан жерде түсетін табыс та көбейетіні белгілі. Осының бәрі «Сурайяның» өсіп-өркендеруіне алып келді. Бүгінде мұнда бірнеше адам жемісті еңбек етіп жатыр.

«Сурайя» жеке кәспкерлігің алға қойған жоба-жоспарлары өте көп. Олар бүкіл республиканы қамтитые деңңгейге шыққысы келеді. Әрине ол үшін цехтың аумағын әлі де үлкейту керек. Алдағы уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы алған жеңілдетілген несиесін төлеп біткен соң, тағы да ірі көлемде несие алып, Сайрамның бірнеше жерінен филиалдарын ашуды көздейді. Бұл филиалдарда бірнеше адамды жұмыспен қамтып, тауар көлемін әрмен қарай арттырып, тұрақты клиенттерін, оның ішінде көтерме бағада тауар алатые ірі құрылыс компанияларын келісім-шартқа тұруды армандайды. Әрине арман деген жақсы. Ал ол арманға қадам жасау өте маңызды. Дегенмен «Сурайя» қол қусырып қарап отырған жоқ. Олар мемлекетпен тығыз жұмыс істеп, несие де алып, Үкіметке салық  та төлеп, тіршілігін жасап жатыр. Олар өткен жылы алған несиелерін толықтай игергенін айтып өттік. Қазір мұнда заманауи құрал-жабдықтар бар. Олар кез-келген үлгідегі пластик есік-терезені қысқа мерзімде жасап шығара алады. Олардың кәсіпқойлықтары да жоғары деңгейде. Жеке кәсіпкерліктің қызметкерлері білімдері мен біліктіліктерін жетілдіруден шаршаған, жалыққан емес.

Сондықтан да Сайрамнан «Сурайя» секіді асқақ арманды жеке кәсіпкерліктер көптеп шығады деген сенімдеміз.  

Дүкен жұмысы қайнап жатыр
Бәсекелестікті сапалы өнімімен жеңіп шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу