«Давуд Мастердің» сары майын алушылар аз емес

Oinet.kz 21-09-2024 619

602d336fce9d0903958725.jpg

Сайрамда соңғы жылдары сүт өндірісі қанат жайған. Сүт саудасы арқылы тұрмыстық жағдайын жасап, дәулеті артқан жеке кәсіпкерлер саны аз емес. Сүтте береке бар. Берекелі кәсіппен айналысып, көңілі жайланып, табысы артқан кәсіпкерлер осы саланы мықтап қолға алған. Олар жылдан-жылға кәсібінің қанатын кеңге жайып, өсіп-өркендеу процесінде жүреді. Сайрамда сүт өндірісі арқылы нәпақасын тауып жүрген кәсіпорындардың бірі – «Давуд Мастер».

«Давуд Мастер» – сүт өңдеп, сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорын. «Давуд Мастер» 2014 жылдың қараша айында жұмысын бастады. Биыл бұл кәсіпорынға 10 жыл толады. Мұнда жұмысшылар саны шамамен 5 адамды құрайды.

«Давуд Мастер» компаниясының негізгі қызметіне тоқталсақ, консервілеуден басқа сүтті өңдеу және ірімшік өндірісімен айналысады. «Давуд Мастер» сүт өнімдерінің негізгі ассортименті: сүт, сары май, ірімшік.

Аталған кәсіпорынның сары майына ел ішінде сұраныс көп. Себебі сары майдың денсаулыққа пайдасы зор. Сары май сүт майының концентраты болып табылады. Ал май бірінші кезекте жылудың қайнар көзі. Майдың бұл қасиеті әсіресе суық кезеңде пайдалы. Әрине сары май калориялығы өте жоғары (100 граммда 730 ккал), оған қоса майлары ағзаға оңайлықпен сіңеді. Бірақ сары майдың бұл қасиеттерін де өзіміздің пайдамызға асыруға болады. Таңғы ас құрамына дәстүрлі нан мен май бутерброды өте орынды. Бұл тіпті арықтап жүретін қыздарға да артық болмайды, күніне 30 граммнан артық емес май сіздің салмағыңызға еш әсер етпейді.

Сары майдағы А, D, E, K дәрумендері терінің жұмсақтығы, шаштың әдемілігі мен тырнақтың саулығына үлкен әсер етеді. Мысалға айтсақ, А дәрумені майлардың арасында тек осы сары майда бар. Күніне желінген 50 грамм май көз бен сүйек саулығына кепіл бола алады. Иммунитетті жақсартатын майды суық маусымда 60-70 граммға дейін көбейткен дұрыс. А дәруменіне байланысты май тыныс мүшелерін ішінен "майлап", жөтелді емделуді тездетеді. Ал Е дәрумені қан тамырларын тазалап, берік қылады, шаршағандық сезімін басады.

Сүттің майлары адам ағзасындағы жасушалар алмасуы үшін өте маңызды. Бұндай қосылыстар әсіресе мида көп. Сары майдан толықтай бас тарту ми жұмысындағы қиындықтарға әкеле алады. Бұл ақыл мен ой-өріске зиянын тигізуі мүмкін.

Холестерин ұғымын бұрыннан бері денсаулыққа зияны бар зат деп санаймыз. Бірақ қажетті мөлшерде холестерин ағзамызға өте қажет. Ағзаның холестериндегі қажеттілігін басу үшін сары майды күніне 30 грамм шамасында қабылдау керек.

Сары май бутерброд, крем мен балмұздақ әзірлеуге, сондай-ақ с ұйық және қою тағамға қосуға қажет . Сары майдың бірнеше түрі шығарылады. Тұщы сары майды пастерленген, ашымаған кілегейлен, ал қышқыл дәмді сары майды — қышқыл сүт бактериясынашытықан , пастерленген кілегейлен әзірлейді. Тұщы және қышқыл дәмді сары майды тұздан та , тұзсызда дайындайды. Вологда майын жоғары температурада(95—98СС) пастерленген кілегейлен әзірлейді, сонда оның жағымды жаңғақ дәмі шығып, хош иістеніп тұрады. Ал әуесқойлық майын пастерленген ашыған кілегейлен алады. Онда 77 — 7 8 % - тен кем болм айтып май және құрамында еріген белок пен углеводтар, сондай - ақ минерал тұздары бар 2 0 % - ке дейін су болады. Шаруа (крестьянское) майып ашыған немесе ашымаған кілегейлен әзірлейді.

Бұл майдың құрамында 71,5—72,5% май және еріген белоктар мен углеводтар, минерал тұздары бар 25%-ке дейін су болады. Сары майдың барлық түрінің өзіне тән дәмі мен иісі болады. Майдың консистенциясы тығыз, бір текті болып келеді, ал түсі — ақ және ашық сары.Сүт өнеркәсібі ірімшіктектес май жасап шығарады, ол үшін ірімшік пен ақ ірімшікжасағанда шығатын іркітті пайдаланады (майдың майлылығы 83,5%); майдың хош иісін арттыра түсу үшін оған арнайы зат қосады (майдың майлылығы 78%). Сары майлық калориялылығын төмендету үшін бутер- брод майып жасап шығарады, оның құрамында 61,5% сүт майы болады. Сондай-ақ диеталық сары май дайындалады, оның құрамында 61,9—62% сүт майы мен 20,5% тазартылған. және иісі кетірілген күнбағыс немесе өсімдік майы енеді, мұның өзі ондағы физиологиялыққанық қан май қышқылының маңызын арттыра түседі.

«Бәйтерек Агро» кәсіпорнының сүті мен етіне сұраныс көп
Майлы дақылдар мен ет Өзбекстанға экспортталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу